Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысын ояту, құлпын ашу және құлыптау

iPhone зарядты үнемдеу үшін дисплейді өшіреді, қауіпсіздік үшін құлыптайды және оны пайдаланбай отырғаныңызда ұйқы режиміне өтеді. iPhone құрылғысын қайтадан пайдаланғыңыз келгенде оны жылдам оятып, құлпын аша аласыз.

iPhone құрылғысын ояту

iPhone құрылғысын ояту үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Бүйірлік түймені басыңыз.

    iPhone құрылғысының оң жағындағы түймені көрсетіп тұрған жасыл көрсеткі.
  • iPhone құрылғысын көтеріңіз.

    iPhone құрылғысын тегіс беттен көтеріп жатқан қол.

    Ескертпе: «Іске қосу үшін көтеру» реттеуін өшіру үшін «Реттеулер»  > «Дисплей және жарықтық» тармағына өтіңіз.

  • Экранды түртіңіз (iPhone SE құрылғысында қолжетімді емес).

    iPhone құрылғысын ояту үшін экранды түртіп тұрған саусақ.

Face ID арқылы iPhone құлпын ашу

Face ID функциясы бар iPhone құрылғыңыз болса, бірақ баптау кезінде Face ID функциясын қоспаған болсаңыз, Face ID функциясын баптау бөлімін қараңыз. Одан кейін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. iPhone құрылғысын ояту үшін экранды түртіңіз немесе оны көтеріңіз, одан кейін iPhone құрылғыңызға қараңыз.

    iPhone құрылғысының құлпы ашылғанын білдіру үшін құлып белгішесі жабық күйден ашық күйге өзгереді.

  2. Экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.

Ескертпе: iPhone құрылғысын қайтадан құлыптау үшін бүйірлік түймені басыңыз. Экранды бір минут немесе одан көп уақыт бойы түртпесеңіз, iPhone құрылғысы автоматты түрде құлыпталады. Дегенмен, «Назарды тану» мүмкіндіктері «Реттеулер»  > «Face ID және құпиякод» тармағында қосылса, iPhone назарды анықтаған уақыт бойы күңгірттелмейді немесе құлыптанбайды.

Touch ID арқылы iPhone құлпын ашу

«Басты бет» түймесі бар iPhone құрылғыңыз болса, бірақ баптау кезінде Touch ID функциясын қоспаған болсаңыз, Touch ID функциясын баптау бөлімін қараңыз. Одан кейін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. iPhone құрылғысының құлпын ашу үшін «Басты бет» түймесін Touch ID функциясымен тіркеген саусағыңызбен басыңыз.

  2. iPhone құрылғысын қайтадан құлыптау үшін бүйірлік түймені басыңыз.

    Ескертпе: Экранды бір минут немесе одан көп уақыт бойы түртпесеңіз, iPhone құрылғысы автоматты түрде құлыпталады.

iPhone құрылғысының төменгі жағындағы «Басты бет» түймесі (Touch ID).

Құпиякод арқылы iPhone құлпын ашу

iPhone құрылғысын баптаған кезде құпиякодты жасамаған болсаңыз, Құпиякод орнату бөлімін қараңыз. Одан кейін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. Құлыптау экранының төменгі жағынан жоғары сырғытыңыз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе «Басты бет» түймесін басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде).

  2. Құпиякодыңызды енгізіңіз.

iPhone құрылғысын құлыптау

iPhone құрылғысын мына әдістермен құлыптауға болады:

iPhone құлыптанған кезде, дисплей сіз Әрдайым қосулы дисплейді қосқанша өшіп тұрады.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.