Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында қолданбаларды, қолданба жүктеп алуларын, веб-сайттарды және сатып алуларды блоктау

iTunes және App Store сатып алуларына қоса қолданбаларға, мүмкіндіктерге және веб-сайттарға қол жеткізуді шектеуіңізге болады.

Контентті блоктау және iTunes және App Store сервистерінде сатып алуға тыйым салу

Орынсыз контентке қол жеткізу мүмкіндігін шектету және iTunes Store және App Store сатып алулары үшін шектеулерді орнату үшін «Контент және құпиялылық шектеулері» параметрін орнатыңыз.

  1. «Реттеулер»  > «Экран уақыты» тармағына өтіңіз.

  2. «Контент және құпиялылық шектеулері» түймесін түртіңіз, одан кейін «Контент және құпиялылық шектеулері» параметрін қосыңыз.

  3. Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Дүкен сатып алулары мен қайта жүктеп алулар үшін шектеулер орнату: «iTunes және App Store сатып алулары» түймесін түртіңіз.

    • Басты экраннан қолданбаны немесе мүмкіндікті жою: «Рұқсат етілген қолданбалар мен функциялар» түймесін түртіңіз.

    • «App Store, мультимедиа, интернет және Game Center» үшін контент рейтингтері мен басқа шектеулерді орнату: «App Store, мультимедиа, интернет және ойындар» тармақтарын түртіңіз.

    • Apple Intelligence, Siri және «Математикалық нәтижелер» функцияларына қол жеткізуді шектеу: «Intelligence және Siri» түймесін түртіңіз. (Apple Intelligence функцияларына Экран уақытында қол жеткізуді блоктау бөлімін қараңыз.)

    • Белгілі бір мүмкіндіктерде, қолданбаларда немесе мультимедиада құпиялылық реттеулерін өзгертуге рұқсат беру: «Құпиялылық» параметрінің төменіндегі опцияны түртіңіз, одан кейін «Өзгерістерге рұқсат беру» немесе «Өзгерістерге рұқсат бермеу» түймесін түртіңіз.

    • Басқа реттеулерге өзгерістерге рұқсат беру: «Өзгерістерге рұқсат беру» параметрінің төменіндегі опцияны түртіңіз, одан кейін «Рұқсат беру» немесе «Рұқсат бермеу» түймесін түртіңіз.

Кескін жасау функцияларына, «Жазу құралдары» және «ChatGPT кеңейтімі» функцияларына қол жеткізуге рұқсат ету үшін Apple Intelligence функцияларына Экран уақытында қол жеткізуді блоктау бөлімін қараңыз.

Кірістірілген қолданбалар мен мүмкіндіктерді қосу немесе өшіру

Кірістірілген қолданбалар мен мүмкіндіктерді қолдануға тыйым салуыңызға болады. Қолданбаны өшірсеңіз, ол жойылмайды; оны қайта қосқанша ол басты экраннан уақытша жасырылады.

  1. «Реттеулер»  > «Экран уақыты» тармағына өтіңіз.

  2. «Контент және құпиялылық шектеулері» түймесін түртіңіз, одан кейін «Контент және құпиялылық шектеулері» параметрін қосыңыз.

  3. «Рұқсат етілген қолданбалар мен функциялар» түймесін түртіңіз, одан кейін шектегіңіз келетін қолданбаларды немесе мүмкіндіктерді өшіріңіз.

Веб-сайттарды блоктау

Нақты веб-сайттарды URL арқылы блоктауыңызға болады.

  1. «Реттеулер»  > «Экран уақыты» тармағына өтіңіз.

  2. «Контент және құпиялылық шектеулері» түймесін түртіңіз, одан кейін «Контент және құпиялылық шектеулері» параметрін қосыңыз.

  3. «App Store, мультимедиа, интернет және ойындар» тармағын түртіңіз, одан кейін «Веб-контент» түймесін түртіңіз.

  4. «Ересектер сайтын шектеу» параметрін таңдаңыз, «Ешқашан рұқсат бермеу:» параметрінің астында «Веб-сайт қосу» түймесін түртіңіз және блоктағыңыз келетін веб-сайттардың URL мекенжайларын енгізіңіз

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.