Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында сізбен бөліскен музыканы табу

Бір досыңыз «Хабарлар» қолданбасында сізбен музыка бөліссе, оны «Музыка» қолданбасындағы «Сізге жіберілді» тізімінен оңай таба аласыз.

Ескертпе: «Реттеулер»  > «Хабарлар» > «Сізге жіберілді» тармағында «Музыка» параметрі қосулы болуы, ал досыңыз «Контактілер» қолданбасындағы контактілер тізіміңізде болуы керек.

  1. iPhone құрылғыңызда «Музыка» қолданбасына өтіңіз.

  2. «Басты бет» түймесін түртіп, «Сізге жіберілді» параметріне жоғары қарай сырғытыңыз, одан кейін мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Әнді тыңдау үшін оны түртіңіз.

    • Әнді бөліскен адамның, адамдардың немесе топтың атын оларға «Хабарлар» қолданбасында жауап беру үшін түртіңіз.

    • Әнді басқа әрекеттер орындау үшін басып тұрыңыз—мысалы, оны кітапханаға қосу, станция жасау, жіберушіге жауап беру немесе оны жою.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.