Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғыңызда «Жерсерік арқылы төтенше қоңырау - SOS» мүмкіндігін пайдалану

Ұялы байланыс және Wi-Fi ауқымынан тыс болғанда, бірақ «Жерсерік арқылы төтенше қоңырау - SOS» функциясы қолжетімді болуы мүмкін кезде, iPhone құрылғысы Жерсерік арқылы SOS белгішесін көрсетеді.

Маңызды: «Жерсерік арқылы төтенше қоңырау - SOS» сеансы жасалса және сізге жедел қызмет қажет болмаса, телефон тұтқасын қоймаңыз. Жауап беруші жауап бергенше күтіңіз, одан кейін сізге көмек қажет емес екенін түсіндіріңіз.

Ескертпе: iPhone жерсерік функциялары қолдау көрсетілген үлгілерде қолжетімді. «Жерсерік арқылы төтенше қоңырау - SOS» барлық елдерде емесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. «Жерсерік арқылы төтенше қоңырау - SOS» мүмкіндігінің қолжетімділігі атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.

iPhone құрылғыңызда «Жерсерік арқылы төтенше қоңырау - SOS» мүмкіндігіне қосылу

  1. Қалыпты ұялы байланыс желісі қолжетімді болмаса да, 112 немесе төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалып көріңіз.

    Оператордың ұялы желісі қолжетімді емес болса, iPhone Тек SOS белгішесін көрсетіп, бар болса, басқа желілер арқылы кез келген жедел қоңырауларды бағыттауға әрекет етеді.

  2. Қоңырау шықпаса, төтенше жағдай қызметтеріне мәтіндік хабар жіберу үшін «Жерсерік арқылы төтенше хабар» түймесін түртіңіз.

    Сондай-ақ, «Хабарлар» қолданбасына өтіп, 112 немесе SOS мәтіндік хабарын жіберуіңізге, одан кейін «Төтенше жағдай қызметтері» түймесін түртіңіз.

  3. «Төтенше жағдай туралы хабарлау» түймесін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    Маңызды: Жерсерікке қосылуыңызға көмектесу үшін телефоныңызды қолыңызда қалыпты түрде ұстаңыз—қолыңызды немесе телефоныңызды жоғары көтерудің қажеті жоқ, бірақ телефоныңызда аспанға тіке ашық жол бар екенін тексеріңіз. Егер сіз қалың жапырақтардың астында болсаңыз немесе басқа кедергілермен қоршалған болсаңыз, жерсерікке қосыла алмауыңыз мүмкін.

    Қосылғаннан кейін iPhone құрылғыңыз маңызды ақпаратты, соның ішінде медициналық картаңызды және төтенше жағдайдағы контакт мәліметтеріңізді (егер оларды орнатқан болсаңыз) бөлісу арқылы мәтіндік хабар алмасуды бастайды. Ол сондай-ақ төтенше жағдай сауалнамасына жауаптарыңызды, геолокацияңызды (соның ішінде биіктік) және iPhone батареясының деңгейін бөліседі. Оған қоса, төтенше жағдай қызметтеріне жіберген ақпаратыңызды төтенше жағдай контактілерімен бөлісуді таңдауыңызға болады.

Телефонның қосылғанын көрсететін және пайдаланушыға жерсерікті меңзеуді жалғастыруға нұсқау беріп тұрған «Төтенше қоңырау - SOS» экраны. «Эл. хаттарды көрсету» түймесі экранның төменгі жағында орналасқан.

Қашықтағы гелокацияға бармастан бұрын демо нұсқаны пайдаланып көріңіз.

Қашықтағы жерге баруды жоспарласаңыз, барар алдында медициналық картаңызды жасаңыз және төтенше жағдай контактілерін қосыңыз және Төтенше қоңырау - SOS демо нұсқасын қолданып көріңіз.

  1. iPhone құрылғыңызда «Реттеулер»  > «Төтенше қоңырау - SOS» тармағына өтіңіз.

  2. Төмен жылжып, «Демо режимді сынап көру» түймесін түртіңіз.

    Ескертпе: Төтенше қоңырау - SOS демо нұсқасы төтенше жағдай қызметтеріне қоңырауды бастамайды.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.