Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында фотоларды геолокация бойынша шолу

«Фотолар» қолданбасы фотолар мен видеоларыңыздың жинақтарын түсірілген жеріне негіздеп жасайды. Белгілі бір жерде түсірілген фотоларды көру, жақын жерде түсірілген фотоларды іздеу және картадағы фотолардың топтамаларын көру үшін «Карта» көрінісін пайдалануыңызға болады.

«Фотолар» қолданбасында «Карта» көрінісі ашық, геолокациялары бөлектелген. Әр жерде түсірілген фотолар саны тізімде көрсетілген.

Фотоларды геолокация бойынша шолу

  1. iPhone құрылғыңызда «Фотолар» қолданбасына өтіңіз.

  2. «Бекітілген топтамалар» көрінісіндегі «Карта» түймесін түртіңіз.

    Тек ендірілген геолокация ақпараты (GPS деректері) бар суреттер мен видеолар қосылады.

    Кеңес: Кішірейту және үлкейту үшін картаны түйістіріңіз немесе көбірек геолокацияларды көру үшін сүйреңіз.

Фото түсірілген жерді қарау

  1. iPhone құрылғыңызда «Фотолар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Фотоны ашыңыз, одан кейін фото және видео ақпаратын көру үшін жоғары сырғытыңыз.

  3. Қосымша мәліметтерді көру үшін картаны немесе мекенжай сілтемесін түртіңіз.

    Кеңес: Осы геолокациядағы басқа фотоларды көру үшін «Маңайдағы фотоларды көрсету» опциясын түртіңіз.

Фото түсірілген геолокацияны немесе мекенжайды өзгерту үшін Күнді, уақытты немесе геолокацияны өзгерту бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.