Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы «Денсаулық» қолданбасында демалыс кезеңін, ұйқы мақсатын және т.б. өзгерту

Демалыс кезеңінің ұзақтығы, қанша сағат ұйықтағыңыз келетіні және т.б сияқты ұйқы опцияларын өзгертуіңізге болады.

  1. iPhone құрылғыңызда «Денсаулық» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Төменгі оң жақтағы «Шолу» түймесін түртіңіз, одан кейін «Ұйқы» түймесін түртіңіз.

  3. «Сіздің кестеңіз» опциясына жылжыңыз, одан кейін «Толық кесте және опциялар» түймесін түртіңіз.

  4. «Қосымша мәліметтер» тармағына төмен жылжыңыз, одан кейін өзгертулеріңізді жасаңыз:

    • Демалыс мерзімі: «Демалыс кезеңі» түймесін түртіңіз, одан кейін жоспарланған ұйықтау уақытына дейін қанша минут немесе сағат демалу керектігін таңдаңыз. «Ұйқыға зейін қою» параметрі демалыс мерзімінің басында қосылады.

    • Ұйқы мақсаты: «Ұйқы бойынша мақсат» түймесін түртіңіз, одан кейін уақытты таңдаңыз. Баптаған барлық жаңа кестелеріңіз жаңа мақсатыңызды көрсетеді.

    • Ұйқы хабарландырулары: «Ұйықтау керектігі туралы еске салғыштар» немесе «Ұйықтау нәтижелері» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.

      Ескертпе: Ұйқы нәтижелері туралы хабарландырулар Apple Watch немесе басқа ұйқы бақылау қолданбалары мен аппараттық құралындағы деректерді қажет етеді.

    «Толық кесте» экранының «Қосымша мәліметтер» бөлігі.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.