Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы Safari браузерінде веб-сайтты бетбелгілеу

Веб-сайтты бетбелгілеуіңізге, веб-сайтты «Таңдаулылар» тізіміне қосуыңызға немесе веб-сайтқа кейінірек оңай қайта кіру үшін веб-сайт белгішесін басты экранға қосуыңызға болады.

Таңдаулы веб-сайтты бетбелгілеу

  1. iPhone құрылғыңызда Safari қолданбасына өтіңіз.

  2. Бетбелгілегіңіз келетін веб-бетті ашыңыз.

  3. Бетбелгілерді көрсету түймесін басып тұрыңыз, одан кейін «Бетбелгі қосу» түймесін түртіңіз.

Бетбелгілерді қарау және реттеу

  1. iPhone құрылғыңызда Safari қолданбасына өтіңіз.

  2. Бетбелгілерді көрсету түймесін түртіңіз.

  3. «Өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Жаңа қалта жасау: Төменгі сол жақтағы «Жаңа қалта» түймесін түртіңіз, атты енгізіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

    • Бетбелгіні қалтаға жылжыту: Бетбелгіні түртіңіз, «Орын» түймесінің төменін түртіңіз, одан кейін қалтаны түртіңіз. Белбелгілеріңізге оралу үшін Артқа түймесін түртіңіз.

    • Бетбелгілерді жою: Жою түймесін, одан кейін «Жою» түймесін түртіңіз.

    • Бетбелгілердің атауын өзгерту: Бетбелгіні түртіңіз, жаңа атты енгізіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

    • Бетбелгілердің ретін өзгерту: Ретін өзгерту түймесін басып тұрыңыз, одан кейін бетбелгіні жаңа орынға сүйреңіз.

Бетбелгілеріңізді, Оқу тізімін және шолу тарихыңызды көру үшін опциялары бар «Бетбелгілер» экраны.

Mac бетбелгілерін iPhone құрылғысында қарау

  1. «Реттеулер»  > [атыңыз] > «iCloud» тармағына өтіңіз.

  2. «Барлығын көру» түймесін («iCloud сервисіне сақталды» параметрінің жанындағы) түртіңіз, одан кейін «Safari» реттеуінің қосылғанын тексеріңіз.

Ескертпе: Сондай-ақ, Mac компьютеріңіздегі iCloud реттеулерінде Safari реттеуін қосуыңыз және бірдей Apple аккаунтына кіруіңіз керек. iCloud пайдаланушы нұсқаулығындағы iCloud сервисін барлық құрылғыларыңызда Safari қолданбасы үшін баптау бөлімін қараңыз.

Веб-сайт белгішесін басты экраныңызға қосу

Веб-сайт белгішесін жылдам қол жеткізу үшін iPhone басты экранына қосуыңызға болады.

  1. iPhone құрылғыңызда Safari қолданбасына өтіңіз.

  2. Басты экранға қосқыңыз келетін веб-сайтқа өтіңіз.

  3. Мәзір жолағындағы Бөлісу түймесін түртіңіз.

  4. Опциялар тізімінде төмен жылжып, «Басты экранға қосу» опциясын түртіңіз.

    «Басты экранға қосу» параметрін көрмесеңіз, оны қосуыңызға болады. Тізімнің төменгі жағына жылжыңыз, «Әрекеттерді өңдеу» параметрін түртіңіз, одан кейін «Басты экранға қосу» параметрін түртіңіз.

Белгіше тек ол қосылған құрылғыда пайда болады.

Safari қолданбасында веб-сайттағы «Бөлісу» түймесі түртіліп, опциялар тізімін, соның ішінде «Басты экранға қосу» түймесін көрсетіп тұр.

Ескертпе: Кейбір веб-сайттар сізге хабарландырулар жіберуге рұқсат сұрауы мүмкін. Хабарландыру реттеулеріңізді кез келген уақытта өзгертуіңізге болады. Хабарландыру реттеулерін өзгерту бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.