Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысын көзіңіздің қозғалысымен басқару

«Көзді қадағалау» функциясының көмегімен iPhone құрылғысын жай ғана көзіңізбен басқаруға болады. Экрандағы меңзер көзіңіздің қозғалысына еріп отырады және бір элементке қарап, назарыңызды тоқтатқанда немесе тесіліп қарағанда, сіз түрту сияқты бір әрекетті орындайсыз. «Көзді қадағалау» функциясын орнату және басқару үшін пайдаланылған деректердің барлығы құрылғыда өңделеді.

Бастамастан бұрын

«Көзді қадағалау» функциясы iPhone құрылғысындағы кіріктірілген, алға қарап тұрғаны камераны пайдаланады. Нәтижелер барынша жақсы болуы үшін міндетті түрде камерада бетіңіз анық көрініп, бетіңізге жеткілікті жарық түсіп тұруы керек. iPhone бетіңізден бір жарым табандай қашықтықтағы тұрақты бетке қойылуы керек.

«Көзді қадағалау» функциясын тек қолдау көрсетілетін iPhone үлгілерінде пайдалануға болады.

«Көзді қадағалау» функциясын қосу

  1. «Реттеулер»  > «Әмбебап қол жеткізу» > «Көзді қадағалау» тармағына өтіңіз, одан кейін «Көзді қадағалау» параметрін қосыңыз.

  2. «Көзді қадағалау» функциясын калибрлеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Экранның әртүрлі жерлерінде нүкте пайда болған кезде, оның қозғалысын көзіңізбен қадағалаңыз.

    Ескертпе: «Көзді қадағалау» функциясын қосқан сайын оны калибрлер отыруыңыз қажет.

«Көзді қадағалау» функциясын пайдалану

Сіз «Көзді қадағалау» функциясын қосып, калибрлегеннен кейін, экрандағы меңзер көзіңіздің қозғалысына еріп отырады. Сіз экрандағы бір элементке қарап тұрғанда, элементтің айналасында контур пайда болады.

Сіз экрандағы бір орынға назарыңызды тоқтатқанда, сіз қарап тұрған жерде ұзақ қарау меңзері пайда болып, ұзақ қарау таймері басталады (ұзақ қарау меңзерінің шебері тола бастайды). Ұзақ қарау таймерінің уақыты біткенде, әдепкі түрту әрекеті орындалады.

Қосымша экрандағы қимылдарды орындау немесе нақты түймелерді басу үшін AssistiveTouch мәзірін пайдаланыңыз. AssistiveTouch функциясын пайдалану бөлімін қараңыз.

«Көзді қадағалау» функциясын қайта калибрлеу

Егер бет-әлпетіңіздің немесе iPhone құрылғыңыздың қалпын өзгертсеңіз, қайта калибрлеу қажет болса, «Көзді қадағалау» функциясын калибрлеу автоматты түрде басталады. Сондай-ақ «Көзді қадағалау» функциясын калибрлеуді қолмен бастауыңызға болады.

  1. Экранның жоғарғы сол жақ бұрышына қарап, назарыңызды тоқтатыңыз.

    Ұзақ қарау меңзері пайда болып, ұзақ қарау таймері басталады (ұзақ қарау меңзерінің шеңбері тола бастайды). Ұзақ қарау таймері аяқталған кезде, «Көзді қадағалау» функциясын калибрлеу басталады.

  2. «Көзді қадағалау» функциясын калибрлеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Экранның әртүрлі жерлерінде нүкте пайда болған кезде, оның қозғалысын көзіңізбен қадағалаңыз.

Қайта калибрлеуді бастау үшін экранның қай бұрышына қарау қажеттігін өзгертуге немесе басқа бұрыштарға әрекеттер тағайындауға болады. «Авто басу арқылы басқару» функциясын баптау бөлімін қараңыз.

«Көзді қадағалау» опцияларын орнату

Назарыңызды тоқтатқанда «Көзді қадағалау» меңзері орындайтын әрекеттердің опцияларын орнатуға болады.

  1. «Реттеулер»  > «Әмбебап қол жеткізу» > «Көзді қадағалау» тармағына өтіңіз, одан кейін мына реттеулердің кез келгенін реттеңіз:

    • Тегістеу: меңзер тегісірек қозғалуы үшін осы мәнді арттырыңыз. Болмаса, меңзер жылдамырақ жауап беруі үшін осы мәнді азайтыңыз.

    • Элементке бекіту: «Көзді қадағалау» меңзері автоматты түрде сіз қарап тұрған жерге ең жақын орналасқан экрандағы элементке жылжып барады.

    • Пернетақта пернелерін масштабтау: сіз пернетақтаға ұзақ қарағанда, сіз қарап тұрған пернетақта бөлігінің масштабын үлкейтесіз. Бір пернені түрту үшін оған қайтадан ұзақ қараңыз.

    • Авто жасыру: назарыңызды белгіленген уақыт бойы тоқтатқанда «Көзді қадағалау» меңзерін көрсетеді. Көзіңіз қозғалған кезде меңзер автоматты түрде ғайып болады.

    • Авто басу арқылы басқару: «Авто басу арқылы басқару» функциясын қосыңыз немесе өшіріңіз. «Авто басу арқылы басқару» функциясының әдепкі ұзақ қарау әрекеті мен ұзақ қарау таймерінің ұзақтығы сияқты параметрлерін реттеу үшін «Авто басу арқылы басқару» функциясын баптау бөлімін қараңыз.

«Көзді қадағалау» меңзерінің өлшемін немесе түсін өзгерту үшін «Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Көрсеткішті басқару» тармағына өтіңіз. Тінтуірді немесе трекпадты iPhone құрылғысымен пайдалану кезінде меңзерді оңай көрінетін ету бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.