Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы Safari қолданбасында «Эл. поштамды жасыру» параметрін пайдалану

iCloud+ қызметіне жазылған кезіңізде, «Эл. поштамды жасыру» функциясын жеке электрондық пошта мекенжайыңызды құпия сақтау үшін пайдалануыңызға болады. «Эл. поштамды жасыру» параметрімен жеке электрондық пошта аккаунтыңызға қайта бағыттайтын бірегей, кездейсоқ электрондық пошта мекенжайларын жасай аласыз, сонда Интернетте пішіндер толтыру немесе жаршыларға жазылу кезінде нақты электрондық пошта мекенжайыңызды бөлісудің қажеті болмайды.

  1. iPhone құрылғыңызда Safari қолданбасына өтіңіз.

  2. Веб-сайтта электрондық пошта мекенжайыңыз сұралған кезде, электрондық пошта өрісін түртіңіз.

  3. Пернетақтаның жоғарғы жағындағы «Эл. поштамды жасыру» түймесін түртіңіз.

    «Эл. поштамды жасыру» экраны жаңа, кездейсоқ жасалған «Эл. поштамды жасыру» мекенжайын ұсынады.

  4. Ұсынылған мекенжайды пайдаланғыңыз келмесе, жаңа кездейсоқ жасалған электрондық пошта мекенжайын алу үшін Жаңарту түймесін түртіңіз.

  5. «Жалғастыру» түймесін түртіңіз.

«Эл. поштамды жасыру» мекенжайын кез келген уақытта жоя аласыз. «Эл. поштамды жасыру» мекенжайларын «Реттеулер» қолданбасында жасау және басқару бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.