Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында Genmoji арқылы өз эмодзиіңізді жасау

Apple Intelligence* функциясымен Genmoji атты өзгертпелі эмодзи жасауыңызға болады. Жай ғана Genmoji стикеріңіздің қалай көрінгенін қалайтыныңызды сипаттаңыз немесе фотолары негізінде достарыңыз бен отбасыңыздың стикерін жасаңыз. Genmoji стикерін хабарларға қосуыңызға, оларды стиркер немесе Tapback ретінде бөлісуіңізге және т.б. әрекеттерді орындауыңызға болады.

Ескертпе: Apple Intelligence барлық iPhone үлгілерінде немесе барлық тілдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді.** Ең соңғы қолжетімді мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін iOS жүйесінің ең соңғы нұсқасын пайдаланып жатқаныңызды және Apple Intelligence функциясының қосылғанын тексеріңіз.

«Хабарлар» қолданбасындағы сұхбатты көрсетіп тұрған iPhone. Genmoji стикері экранның ортасында, пернетақтаның үстінде пайда болады.

Genmoji жасау

  1. Мәтін өрісін түртіңіз, одан кейін эмодзи пернетақтасына ауысу үшін Эмодзи немесе Келесі пернетақта пернесін түртіңіз.

  2. Экрандағы пернетақтаның жоғарғы оң жағындағы Genmoji түймесін түртіңіз.

  3. «Genmoji стикерін сипаттау» өрісіне «Rainbow cactus» сияқты сипаттама енгізіңіз.

    Genmoji стикеріңізді нақтылау үшін тек сипаттаманы өзгертіңіз. Мысалы, бастапқы сипаттама «Giraffe riding a unicycle» болса, «Purple giraffe riding a unicycle» деп теріңіз, сонда Genmoji жаңа сипаттамаға сәйкес болу үшін жаңартылады.

  4. «Дайын» түймесін түртіңіз.

  5. Genmoji стикерін хабарға қосу үшін пайдаланғыңыз келетін Genmoji стикерін табу үшін сырғытыңыз, одан кейін «Қосу» түймесін түртіңіз.

Genmoji стикерін фото негізінде жасау үшін фотолар жинағыңызда анықтаған адамның атын енгізіңіз, сипаттама қосыңыз—мысалы, «Danny celebrating his 35th birthday»—«Адамды таңдау» түймесін түртіңіз, «Фотолар» жинағыңызда анықталған адамды таңдаңыз, одан кейін нұсқаны таңдаңыз.

Genmoji стикерін жою

  1. Мәтін өрісін түртіңіз, одан кейін эмодзи пернетақтасына ауысу үшін Эмодзи немесе Келесі пернетақта пернесін түртіңіз.

  2. Оңға сырғытыңыз немесе Стикерлер түймесін түртіңіз.

  3. Стикерлер түймесін түртіңіз, Genmoji стикерін басып тұрыңыз, одан кейін «Жою» түймесін түртіңіз.

Сондай-ақ, «Хабарлар» сұхбатында Қолданбалар түймесін, «Стикерлер» түймесін түртуіңізге, «Genmoji» стикерін басып тұрып, «Жою» түймесін түртуіңізге болады.

*Apple Intelligence генеративті модельдерді пайдаланады, сондықтан нәтижелер әртүрлі болуы мүмкін. Дәлдік үшін маңызды ақпаратты тексеріңіз.
**Apple Intelligence бета-нұсқасында Siri және құрылғы тілі қытай (жеңілдетілген), ағылшын (Австралия, Канада, Үндістан, Ирландия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Оңтүстік Африка, Ұлыбритания немесе АҚШ), француз, неміс, итальян, жапон, корей, португал (Бразилия) немесе испан тілдеріне орнатылған барлық iPhone 16 үлгілерінде, iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max құрылғыларында қолжетімді. Кейбір мүмкіндіктер барлық аймақтарда немесе елдерде қолжетімді бола бермейді. Қосымша ақпарат алу үшін Apple Intelligence функциясын алу жолы атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.