Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

Қолданбаларды iPhone құрылғысынан алып тастау немесе жою

iPhone құрылғыңызбен келетін кірістірілген қолданбалардың кейбірін алып тастауыңызға немесе жоюыңызға болады.

Ескертпе: Кірістірілген қолданбаны iPhone құрылғыңыздан жойғанда барлық қатысты пайдаланушы деректері мен теңшелім файлдарын да жоясыз. Кірістірілген қолданбаларды iPhone құрылғыңыздан жою басқа жүйе қызметіне әсер етуі де мүмкін.

Қолданбаларды жойғаннан кейін ойыңызды өзгертсеңіз, оларды кейінірек қайтадан жүктеп алыңыз (олар әлі де App Store дүкенінде қолжетімді болса).

Қолданбаларды жою

Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

  • Басты экраннан қолданбаны жою: Басты экранда қолданбаны басып тұрыңыз, «Қолданбаны жою» түймесін түртіңіз, одан кейін оны «Қолданба каталогі» қойындысында сақтау үшін «Басты экраннан алып тастау» түймесін түртіңіз немесе оны iPhone құрылғысынан жою үшін «Қолданбаны жою» түймесін түртіңіз.

  • Қолданбаны «Қолданба каталогі» қойындысынан және басты экраннан жою: «Қолданба каталогі» қойындысындағы қолданбаны басып тұрыңыз, «Қолданбаны жою» түймесін, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз. («Қолданба каталогі» қойындысында қолданбаларыңызды табу бөлімін қараңыз.)

Ойыңызды өзгертсеңіз, жойған қолданбаларыңызды қайта жүктеп алуыңызға болады.

Үшінші тараптың қолданбаларын жоюға қоса iPhone құрылғыңызбен келген келесі кірістірілген Apple қолданбаларын жоюыңызға болады:

Ескертпе: Еуропалық одақта жоюыңызға болатын басқа кірістірілген қолдабалар болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Еуропалық Одақта iPhone немесе iPad құрылғысынан кейбір кірістірілген қолданбаларды жою бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.