Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы «Денсаулық» қолданбасында есту қабілетінің саулығы мүмкіндіктерін пайдалану

iOS 18.1 жүйесінде есту қабілетіңіз туралы түсінік алу үшін AirPods Pro 2 құрылғыңызбен есту қабілетіңізді тексеруіңізге болады. Есту қабілетін тексеру нәтижелері (аудиограммалар) таза дыбыстық аудиометрия сынағының нәтижелерін сипаттап береді — олар дыбыстарды естуіңіз үшін дыбыс қаншалықты қатты болуы керектігін көрсетеді.

Сізге қажет децибел деңгейі мен қалыпты деңгей арасындағы айырмашылық қандай деңгейде есту қабілетінен айырылғаныңызды көрсетеді. Егер айырмашылық болмаса, есту қабілетіңіз қалыпты. Егер біраз немесе үлкен айырмашылық болса, есту қабілетіңіз нашарлағаны.

Ескертпе: Есту қабілетін тексеру 18 жастан үлкен адамдар үшін қолжетімді. Барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді.

Есту қабілетін тексеру

  1. iPhone құрылғыңызда «Денсаулық» қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Шолу» түймесін, одан кейін «Есту» түймесін түртіңіз.

  3. «”Денсаулық” қолданбасында қосымша ақпарат алу» параметріне қарай төмен жылжыңыз, одан кейін «Есту қабілетін тексеру» параметрін түртіңіз.

  4. «Жұмысты бастау» түймесін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Нәтижелерді «Денсаулық» қолданбасындағы «Есту қабілетін тексеру» бөлімінен қарап шығуыңызға болады. Сондай-ақ есту қабілеті бойынша маманмен бөлісу үшін аудиограммаңыздың PDF нұсқасын экспорттай аласыз.

Қосымша ақпаратты AirPods пайдаланушы нұсқаулығының AirPods Pro 2 құрылғысымен есту қабілетінің саулығы функцияларын пайдалану бөлімінен қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.