Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы Apple Wallet қолданбасынан төлем карталарын жою

Wallet қолданбасында бұдан әрі қолданбайтын карталарыңызды жоюыңызға болады. iPhone құрылғыңыз жоғалған немесе ұрланған жағдайда дебеттік және несиелік карталарыңызды Apple Pay сервисінен жоюыңызға да болады.

Ескертпе: iCloud қызметінен «Реттеулер» > [атыңыз] тармағында шыққан болсаңыз, Apple Pay үшін барлық несиелік және дебеттік карталарыңыз iPhone құрылғыңыздан жойылады. Карталарды келесіде Apple аккаунтыңызға кіргенде қосуыңызға болады.

iPhone құрылғыңыздан дебет немесе несиелік картаны жою

  1. iPhone құрылғыңызда «Wallet» қолданбасына өтіңіз.

  2. Жойғыңыз келетін картаны түртіңіз, одан кейін Толығырақ түймесін түртіңіз.

  3. «Карта туралы мәліметтер» түймесін, одан кейін «Картаны жою» түймесін түртіңіз.

    Картаны жойсаңыз, оны кейінірек қайтадан қосуыңызға болады.

iPhone құрылғыңыз жоғалған немесе ұрланған жағдайда карталарыңызды Apple Pay сервисінен жою

«iPhone құрылғымды табу» параметрін қосқан болсаңыз, оны iPhone құрылғыңызды табуға және қорғауға көмектесу үшін пайдалана аласыз.

Apple Pay сервисінен карталарыңызды жою үшін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

  • Басқа iPhone немесе iPad құрылғысында: «Реттеулер»  > [атыңыз] тармағына өтіңіз, жоғалған iPhone құрылғысын таңдаңыз, одан кейін «Элементтерді жою» түймесін («Wallet және Apple Pay» бөлімінің астында) түртіңіз.

  • Веб-браузерді пайдалану: Apple аккаунтыңызға кіріңіз. «Құрылғылар» параметрін басыңыз, одан кейін жоғалған құрылғыны таңдаңыз. «Wallet және Apple Pay» бөлімінде «Элементтерді жою» түймесін басыңыз.

  • Карталарыңыздың шығарушыларына қоңырау шалыңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.