Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы Safari браузерінде веб-сайтты бетбелгілеу

Safari қолданбасында веб-сайтты бетбелгілеуіңізге, веб-сайтты «Таңдаулылар» тізіміне қосуыңызға немесе веб-сайтқа кейінірек оңай қайта кіру үшін веб-сайт белгішесін басты экранға қосуыңызға болады.

Таңдаулы веб-сайтты бетбелгілеу

Бетбелгілерді көрсету түймесін басып тұрыңыз, одан кейін «Бетбелгі қосу» түймесін түртіңіз.

Бетбелгілерді қарау және реттеу

  1. Бетбелгілерді көрсету түймесін түртіңіз.

  2. «Өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Жаңа қалта жасау: Төменгі сол жақтағы «Жаңа қалта» түймесін түртіңіз, атты енгізіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

    • Бетбелгіні қалтаға жылжыту: Бетбелгіні түртіңіз, «Орын» түймесінің төменін түртіңіз, одан кейін қалтаны түртіңіз. Белбелгілеріңізге оралу үшін Артқа түймесін түртіңіз.

    • Бетбелгілерді жою: Жою түймесін, одан кейін «Жою» түймесін түртіңіз.

    • Бетбелгілердің атауын өзгерту: Бетбелгіні түртіңіз, жаңа атты енгізіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

    • Бетбелгілердің ретін өзгерту: Ретін өзгерту түймесін басып тұрыңыз, одан кейін бетбелгіні жаңа орынға сүйреңіз.

«Бетбелгілер», «Оқу тізімі» және шолу журналыңызды көру опциялары бар «Бетбелгілер» экраны.

Mac бетбелгілерін iPhone құрылғысында қарау

  1. «Реттеулер»  > [атыңыз] > «iCloud» тармағына өтіңіз.

  2. «Барлық деректі көрсету» түймесін («iCloud сервисін пайдаланатын қолданбалар» параметрінің төменінде) түртіңіз, одан кейін Safari қолданбасының қосылғанын тексеріңіз.

Ескертпе: Сондай-ақ, Mac компьютеріңіздегі iCloud реттеулерінде Safari реттеуін қосуыңыз және бірдей Apple ID аккаунтымен кіруіңіз керек. iCloud пайдаланушы нұсқаулығындағы iCloud сервисін барлық құрылғыларыңызда Safari қолданбасы үшін баптау бөлімін қараңыз.

Веб-сайт белгішесін басты экраныңызға қосу

Веб-сайт белгішесін жылдам қол жеткізу үшін iPhone басты экранына қосуыңызға болады.

  1. Веб-сайтты қарау кезінде мәзір жолағында Бөлісу түймесін түртіңіз.

  2. Опциялар тізімінде төмен жылжып, «Басты экранға қосу» опциясын түртіңіз.

    «Басты экранға қосу» параметрін көрмесеңіз, оны қосуыңызға болады. Тізімнің төменгі жағына жылжыңыз, «Әрекеттерді өңдеу» параметрін түртіңіз, одан кейін «Басты экранға қосу» параметрін түртіңіз.

Белгіше тек ол қосылған құрылғыда пайда болады.

Safari қолданбасында опциялар тізімін, сонымен қатар «Басты экранға қосу» түймесін көрсететін веб-сайттағы «Бөлісу» түймесі түртілген.

Ескертпе: Кейбір веб-сайттар сізге хабарландырулар жіберуге рұқсат сұрауы мүмкін. Хабарландыру реттеулеріңізді кез келген уақытта өзгертуіңізге болады. Хабарландыру реттеулерін өзгерту бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.