Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

Достармен және отбасымен байланыста болу

iPhone сізге маңызды адамдармен байланысуды жеңілдетеді—осылайша телефон немесе видео қоңыраулары арқылы байлана және достар тобыңызға жылдам мәтіндік хабар жібере аласыз.

«Контактілер» қолданбасындағы контакт картасы.

Зерделі мекенжай кітабы

«Контактілер» қолданбасына телефон нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайларын, туған күндерді және т.б. бір рет енгізіңіз, сонда олар сізге қажет кез келген жерде — «Хабарлар» қолданбасында да, FaceTime, «Пошта» қолданбасында да болады. Контакт ақпаратын басқа аккаунттан (Google немесе Yahoo сияқты) қосуыңызға да болады.

«Реттеулер»  > «Контактілер» > «Аккаунттар» тармағына өтіңіз, одан кейін «Аккаунт қосу» түймесін түртіңіз.

«Контактілер» қолданбасындағы «Таңдаулылар» экраны; алты контакт таңдаулылар ретінде тізімделген.

Таңдаулыларыңызды таңдау

«Телефон» қолданбасындағы «Таңдаулылар» тізіміңізге жиі сөйлесетін адамдарыңызды оларға оңай байланысу үшін қосыңыз.

«Телефон» қолданбасында «Таңдаулылар» түймесін түртіңіз, Қосу түймесін түртіңіз, одан кейін контактіні таңдаңыз. Таңдаулы контактіге қоңырау шалу үшін жай ғана олардың атын түртіңіз.

«Хабарлар» қолданбасындағы топтық сұхбат.

Топтық сұхбатты бастау

Отбасыңыздың мүшелері сияқты барлығына бірдей уақытта сөйлегіңіз келетін адамдар тобына хабарлар жіберуіңізге болады.

«Хабарлар» қолданбасында  Жазу түймесін түртіңіз, хабар жібергіңіз келетін адамдардың аттарын теріңіз, одан кейін бірінші хабарды жіберіңіз.

FaceTime қоңырауы.

Видео қоңырауын шалу

FaceTime қолданбасын достарыңызбен және отбасыңызбен видео қоңыраулар шалу үшін пайдалануыңызға болады.

FaceTime қолданбасында экранның жоғарғы жағына жақын тұрған «Жаңа FaceTime» түймесін түртіңіз, қоңырау шалғыңыз келетін адамның атын теріңіз, одан кейін FaceTime түймесін түртіңіз. Қоңырау кезінде FaceTime басқару элементтерін көрсету үшін экранды түртуіңізге болады (мысалы, өзіңіздің дыбысыңызды өшіргіңіз келген жағдайда).

Бес қатысушысы бар «Топтық FaceTime» қоңырауы; әрбір қатысушы бөлек тақтада пайда болады.

Адамдарды FaceTime қоңырауына қосу

FaceTime қоңырауына көбірек адамдар қоса аласыз—достар мен отбасыңыз кез келген уақытта қосыла алады. Басқару элементтерін көрсету үшін экранды түртіңіз, «Ақпарат» түймесін, содан кейін «Адамдар қосу» түймесін түртіңіз.

Қосымша мәлімет керек пе?

Барлық мүмкіндіктер барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.