Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында Apple Pay сервисін қолданбаларда және интернетте пайдалану

Сатып алуларды қолданбаларда, Блиц қолданбаларда және Safari пайдаланып Интернетте «Apple Pay» түймесін көрген жерлеріңізде Apple Pay сервисін пайдаланып жасай аласыз. (Белгілі бір елдер мен аймақтарда қолжетімді; Apple Pay функциясын қолдайтын елдер мен аймақтар.)

Таңдалған элементтердің бағаларын көрсетіп тұрған қолданбаның дүкен аралау себеті. Apple Pay түймесі төменгі сол жақта орналасқан.

Қолданбада, Блиц қолданбада немесе интернетте төлеу

  1. Төлеу кезінде «Apple Pay» түймесін түртіңіз.

  2. Төлем ақпаратын қарап шығыңыз және төмендегілердің кез келгенін орнатыңыз:

    • Несиелік карта

    • Төлем және жеткізу мекенжайлары

    • Контакт ақпараты

      Кеңес: iCloud+ қызметіне жазылсаңыз, «Эл. поштамды жасыру» функциясын шын электрондық пошта мекенжайыңызды құпия сақтау үшін пайдалануыңызға болады.

    • Тұрақты төлемдердің (бар болса) жиілігі мен сомасы

  3. Төлемді аяқтау:

    • Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында: Бүйірлік түймені екі рет басыңыз, одан кейін Face ID функциясымен растау үшін iPhone құрылғысына қараңыз немесе құпиякодты енгізіңіз.

    • Touch ID функциясы бар iPhone құрылғысында: Touch ID функциясымен растаңыз немесе құпиякодты енгізіңіз.

Әдепкі жеткізу және байланыс ақпаратыңызды өзгерту

  1. «Реттеулер»  > «Wallet және Apple Pay» тармағына өтіңіз.

  2. Келесі параметрлердің кез келгенін орнатыңыз:

    • Жеткізу мекенжайы

    • Электрондық пошта

    • Телефон нөмірі

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.