Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында дауыстық поштаңызды тексеру

«Телефон» қолданбасын дауыстық пошта хабарларыңызды тыңдау, жою немесе бөлісу үшін пайдаланыңыз. «Көрнекі дауыстық пошта» қолжетімді емес кезде дауыстық пошта хабарларыңызды тексеруіңізге де болады.

Дауыстық хабарды ойнату, бөлісу немесе жою

Siri: Мына сөздер сияқты бірнәрсені айтыңыз: «Play the voicemail from Eliza». Siri көмекшісін пайдалану жолын үйреніңіз.

Немесе келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. «Дауыстық пошта» түймесін, одан кейін хабарды түртіңіз.

  2. Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Хабарды ойнату: Ойнату түймесін түртіңіз.

      Хабарлар оларды жойғанша (немесе олар iCloud қызметінде сақталған болса, байланыс операторыңыз оларды өшіргенше) сақталады.

    • Хабарды бөлісу: Бөлісу түймесін түртіңіз.

    • Хабарды жою: Жою түймесін түртіңіз.

      Маңызды: Кейбір елдерде немесе аймақтарда жойылған хабарларды байланыс операторы түбегейлі жояды. SIM картасын ауыстырсаңыз, дауыстық хабарларыңыз да жойылуы мүмкін.

Жойылған хабарды қалпына келтіру үшін «Жойылған хабарлар» түймесін түртіңіз, хабарды, одан кейін «Жою әрекетін болдырмау» түймесін түртіңіз.

«Көрнекі дауыстық пошта» қолжетімді емес кезде хабарларыңызды тексеру

  • iPhone құрылғыңызда: «Дауыстық пошта» түймесін түртіңіз, одан кейін нұсқауларды орындаңыз.

  • Басқа телефонда: Өзіңіздің мобильді телефон нөміріңізді теріңіз, сәлеміңізді өткізу үшін * немесе # пернесін (байланыс операторыңызға байланысты) басыңыз, одан кейін дауыстық поштаңыздың құпиясөзін енгізіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.