Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max үлгілеріндегі «Әрекет» түймесін пайдалану және теңшеу

iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max құрылғыларында «Қоңырау/дыбыссыз» қосқышының орнында «Әрекет» түймесі бар. «Әрекет» түймесін басқан кезде орындалатын функцияны таңдауыңызға болады. Түйме өте қолжетімді болғандықтан, ол жиі орындалатын әрекеттер үшін пайдалы. («Әрекет» түймесінің орны төменде көрсетілген.) Басқа функция үшін пайдаланғыңыз келетінін шешкен кезде әрекетті өзгерту оңай.

«Әрекет» түймесінің iPhone 15 Pro құрылғысының сол жақ шетінде орналасқанын көрсетіп тұрған экран. Түйменің функциясын «Реттеулер» > «Әрекет түймесі» тармағында теңшей аласыз.

iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max үлгілеріндегі «Әрекет» түймесін теңшеу

  1. «Реттеулер» > «Әрекет түймесі» тармағына өтіңіз.

    «Әрекет» түймесіне тағайындауыңызға болатын әрекеттерді көрсетіп тұрған белгішелері бар iPhone құрылғысының бүйірінің суреті пайда болады.

    «Әрекет» түймесін теңшеуге арналған экран. «Камера» — таңдалған әрекет. Басқа мүмкіндіктер камераның оң және сол жағында пайда болады, соның ішінде «Мазаламау» және «Жарқыл» опциялары. Әрекеттердің астындағылар — басқа әрекетке ауысу үшін түртуге болатын нүктелер. Таңдалған әрекеттің төменгі жағындағы, «Камера» — «Әрекет» түймесіне тағайындау үшін түртуіңізге болатын Камера опцияларының мәзірі.
  2. Әрекетті таңдау үшін пайдаланғыңыз келетін әрекетке сырғытыңыз. Әрекеттің атауы нүктелердің астында пайда болады.

    Кеңес: iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max үлгілерін Дыбыссыз режимге қою мақсатында «Әрекет» түймесін теңшеу үшін Сызылған қоңырау белгішесіне сырғытыңыз. Басқа әрекетті таңдау үшін оған қарай сырғытыңыз.

  3. Таңдалған әрекет үшін қосымша опциялар бар болса, Мәзір түймесі әрекеттің төменгі жағында пайда болады. Опциялар тізімін көру үшін оны түртіңіз.

    «Пәрмендер» және «Әмбебап қол жеткізу» әрекеттері үшін әрекеттің астындағы көк түймені түртіп, белгілі бір опцияны таңдауыңыз керек, болмаса, «Әрекет» түймесі ешнәрсе орындамайды.

    Белгіше

    Әрекет

    «Сызылған қоңырау» түймесі

    Дыбыссыз режим: «Дыбыссыз режим» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.

    «Мазаламау» түймесі

    Зейін қою: Нақты «Зейін қою» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.

    «Камера» түймесі

    Камера: Фото, селфи, видео, портрет немесе портреттік селфиді жылдам түсіру үшін «Камера» қолданбасын ашыңыз.

    «Қолшам» түймесі

    Қолшам: Қолшамды қосыңыз немесе өшіріңіз.

    «Дауыстық жазба» түймесі

    Дауыстық жазба: Дауыстық жазба жазуды бастаңыз немесе тоқтатыңыз.

    «Лупа» түймесі

    Лупа: «Лупа» қолданбасын ашыңыз.

    «Аудару» түймесі

    Аудару: Сөзді бір тілден екінші тілге аударуды бастаңыз.

    «Жылдам пәрмен» түймесі

    Жылдам пәрмен: Қолданбаны ашыңыз немесе таңдаулы пәрменіңізді іске қосыңыз.

    «Әмбебап қол жеткізу» түймесі

    Әмбебап қол жеткізу: Таңдаулы әмбебап қол жеткізу мүмкіндігіңізге жылдам қол жеткізіңіз.

    Әрекетcіз

    Түйме ешқандай әрекет орындамайды.

«Әрекет» түймесін пайдалану

«Әрекет» түймесіне тағайындалған әрекетті орындау үшін оны басып тұрыңыз.

Көптеген функциялар үшін «Әрекет» түймесін реттеуді қосу немесе өшіру үшін пайдалануға болады. Мысалы, таңдалған әрекет «Дыбыссыз режим» болса, iPhone құрылғысын Дыбыссыз режиміне қою үшін «Әрекет» түймесін басып тұруыңызға болады. «Әрекет» түймесін қайтадан басып тұрсаңыз, ол «Дыбыссыз» режимін өшіреді.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.