Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы «Пошта» қызметінде жоба жазбаны сақтау

«Пошта» қолданбасында кейінірек аяқтау үшін жоба жазбаны сақтауыңызға немесе жаңасын жазып жатқанда бар электрондық пошта хабарларына қарауыңызға болады.

Кейінірек қарау үшін жоба жазбаны сақтау

Электрондық пошта хабарын жазып жатсаңыз және оны кейінірек аяқтағыңыз келсе, «Бас тарту» түймесін, одан кейін «Нобайды сақтау» түймесін түртіңіз.

Жоба жазба ретінде сақталған электрондық пошта хабарында жұмысты жалғастыру үшін Құрастыру түймесін басып тұрыңыз, одан кейін жоба жазбаны таңдаңыз.

Жазып жатқан электрондық пошта хабарыңызды кейінірекке сақтау үшін оның тақырып жолағында төменге қарай сырғытуыңызға да болады. Электрондық пошта хабарына оралуға дайын кезде, экранның төмен жағындағы оның атауын түртіңіз.

Кеңес: Егер сізде OS X 10.10 немесе одан кейінгі жүйесі бар Mac компьютері болса, аяқталмаған электрондық пошта хабарларыңызды iPhone құрылғыңыз бен Mac компьютеріңіздің арасында беруіңізге болады. iPhone құрылғыңыз бен басқа құрылғыларыңыздың арасында тапсырмаларды беру бөлімін қараңыз.

Барлық аккаунттарыңыздан жоба электрондық пошта хабарларын көрсету

Бірнеше электрондық пошта аккаунтыңыз болса, барлық аккаунттарыңыздан жоба жазба электрондық пошта хабарларын көрсете аласыз.

  1. Жоғарғы сол жақ бұрыштағы Артқа түймесін «Пошта жәшіктері» түймесі көрсетілгенше түртіңіз.

  2. Тізімнің жоғарғы жағындағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз.

  3. «Пошта жәшігін қосу» түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлық нобай» пошта жәшігін қосыңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.