Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы «Фитнес» қолданбасында күнделікті белсенділікті бақылау және қозғалыс мақсатыңызды өзгерту

«Фитнес» қолданбасын Apple Watch құрылғыңыз болмаса да, күнделікті белсенділігіңізді бақылау, қозғалыс мақсатын орнату, прогресіңізді көру және уақыт бойынша қозғалыс трендтерін көру үшін пайдалануыңызға болады.

Apple Watch құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығындағы Apple Watch құрылғысымен күнделікті белсенділікті бақылау бөлімін қараңыз.

Siri: iOS 17.2 немесе одан кейінгі жүйесі бар қолдау көрсетілген үлгілерде кейбір тілдер мен аймақтарда келесі сияқты бірнәрсе айтыңыз: «How far have I walked today?» немесе «How are my Activity Rings?» Барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Siri көмекшісін пайдалану жолын үйреніңіз.

Прогресіңізді тексеру

Қалай орындап жатқаныңызды көру үшін кез келген уақытта «Фитнес» қолданбасын ашыңыз. Қозғалыс сақинаңызды, жалпы қадамдарыңызды, аяқталған жаттығуларыңызды, трендтеріңізді және т.б. көре аласыз.

iPhone құрылғыңызды алып жүрген кезіңізде, қозғалыс сенсорлары жанған белсенді калорияларды бағалау үшін қадамдарыңызды, қашықтықты және көтерілген тепшектерді бақылайды. Үйлесімді үшінші тарап қолданбаларында орындаған кез келген жаттығуларыңыз қозғалыс сақинасында көрсетілген прогреске ықпал етеді.

Қабаттасқан сақина сіздің мақсатыңыздан асып кеткеніңізді білдіреді. Сол күн үшін прогресіңіздің мәліметтерін көру үшін «Белсенділік» аймағын түртіңіз.

Ескертпе: Күнделікті белсенділігіңізді тікелей басты экраннан және Құлыптау экранынан бақылауыңызға мүмкіндік беретін «Фитнес» виджетін қосуыңызға болады. iPhone құрылғысында виджеттерді қосу, өңдеу және жою және Арнаулы iPhone құлыптау экранын жасау бөлімдерін қараңыз.

Қозғалыс мақсатыңызды немесе жеке денсаулық мәліметтеріңізді өзгерту

Қозғалыс мақсатыңызды тым қиын немесе жеткіліксіз деп тапсаңыз, оны өзгерте аласыз. Жеке денсаулық ақпаратыңызды да жаңартуыңызға болады.

Қозғалыс мақсатын және мақсатты көтеру немесе төмендету түймелерін көрсетіп тұрған «Қозғалыс бойынша біркүндік мақсат» экраны.
  1. iPhone құрылғыңызда «Фитнес» қолданбасын ашыңыз.

  2. Жоғарғы оң жақта суретіңізді немесе инициалыңызды түртіңіз.

  3. Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Қозғалыс мақсатын өзгерту: Мақсатты реттеу үшін «Мақсаттарды өзгерту» түймесін, Жою немесе Қосу түймесін түртіңіз, одан кейін «Қозғалыс бойынша мақсатты өзгерту» түймесін түртіңіз.

    • Денсаулық мәліметтерін өзгерту: «Денсаулық мәліметі» түймесін түртіңіз, өзгерту енгізу үшін өрісті түртіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

«Белсенділік» аймағын түртуіңізге, төмен жылжып, «Мақсаттарды өзгерту» түймесін түртуіңізге де болады.

Әр дүйсенбіде сізге алдыңғы аптаның жетістіктері туралы хабарланады және алдағы аптаға мақсаттарыңызды реттей аласыз. Мақсаттар алдыңғы аптадағы нәтижелерге негізделіп ұсынылады.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.