Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында дауыстық пошта сәлемдесуі мен реттеулерін өзгерту

«Телефон» қолданбасында дауыстық пошта сәлемдесуін, құпиясөзін және ескерту дыбыстарын өзгертуіңізге болады.

Дауыстық пошта реттеулерін өзгерту үшін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

  • Сәлеміңізді өзгерту: «Дауыстық пошта» түймесін, одан кейін «Сәлемдесу» түймесін түртіңіз (барлық операторлар немесе барлық елдер мен аймақтарда қолдау көрсетіле бермейді).

  • Дауыстық пошта құпиясөзіңізді өзгерту: «Реттеулер»  > «Телефон» > «Дауыстық поштаның құпиясөзін өзгерту» тармағына өтіңіз, одан кейін жаңа құпиясөзді енгізіңіз.

    Дауыстық пошта құпиясөзін ұмытсаңыз, сымсыз байланыс операторыңызға хабарласыңыз.

  • Жаңа дауыстық пошта үшін ескертуді өзгерту: «Реттеулер» > «Дыбыс, жанасу сигналдары» тармағына немесе «Реттеулер» > «Дыбыстар» тармағына өтіңіз.

Ескертпе: «Контакт фотосы және постері» ақпаратын өзгерту үшін Фотоңыз бен постеріңізді қосу немесе өңдеу бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.