Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында AssistiveTouch параметрін пайдалану

«Калькулятор» қолданбасында негізгі арифметикалық есептеулерді стандартты калькулятормен орындауыңызға болады. Не болмаса, экспоненциалдық, логарифмдік және тригонометрлік функциялар үшін ғылыми калькуляторды пайдаланыңыз.

Siri: Мына сөздер сияқты бірнәрсені айтыңыз: «What’s 74 times 9?» немесе «What’s 18 percent of 225?» Siri көмекшісін пайдалану жолын үйреніңіз.

Негізгі арифметикалық функциялары бар стандартты калькулятор.

Ғылыми калькуляторды пайдалану

iPhone құрылғысын альбомдық бағдарға бұрыңыз.

Экспоненциалдық, логарифмдік және тригонометрлік функциялар үшін ғылыми калькуляторды көрсетіп тұрған альбомдық бағдардағы iPhone.

Сандарды көшіру, жою немесе тазалау

  • Есептеу нәтижесін көшіру: Дисплейде есептеу нәтижесін басып тұрыңыз, «Көшіру» түймесін түртіңіз, одан кейін нәтижені жазба немесе хабар сияқты басқа бір жерге қойыңыз.

  • Соңғы санды жою: Санды енгізген кезде қате жіберсеңіз, жоғарыдағы дисплейде солға немесе оңға сырғытыңыз.

  • Дисплейді тазалау: Соңғы жазбаны жою үшін Clear (C) пернесін басыңыз, ал барлық жазбаларды жою үшін All Clear (AC) пернесін түртіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.