Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысын ояту және құлпын ашу

iPhone қуатты үнемдеу үшін дисплейді өшіреді, қауіпсіздік үшін құлыптайды және оны пайдаланбай отырғаныңызда ұйқы режиміне өтеді. iPhone құрылғысын қайтадан пайдаланғыңыз келгенде оны жылдап оятып, құлпын аша аласыз.

iPhone құрылғысын ояту

iPhone құрылғысын ояту үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Бүйірлік түймені немесе Sleep/Wake түймесін (үлгіге байланысты) басыңыз.

    iPhone құрылғысындағы бүйірлік Sleep/Wake түймелерінің орындарын көрсетіп тұрған сурет.
  • iPhone құрылғысын көтеріңіз. Raise to Wake параметрін Settings  > Display & Brightness тармағында өшіруіңізге болады.

    iPhone құрылғысын оятудың ояту әдісіне көтеруді көрсетіп тұрған сурет.
  • Экранды түртіңіз (қолдау көрсетілген үлгілерде).

    iPhone құрылғысын ояту үшін экранды түртуді көрсетіп тұрған сурет.

iPhone құрылғысының құлпын Face ID функциясымен ашу

iPhone құрылғысын орнатқан кезде Face ID функциясын орнатпаған болсаңыз, iPhone құрылғысында Face ID функциясын орнату бөлімін қараңыз.

  1. Қолдау көрсетілген үлгілерде iPhone құрылғысын ояту үшін экранды түртіңіз немесе оны көтеріңіз, одан кейін iPhone құрылғыңызға қараңыз.

    iPhone құрылғысының құлпы ашылғанын білдіру үшін құлып белгішесі жабық күйден ашық күйге өзгереді.

  2. Экранның төменгі жағынан жоғары қарай сипаңыз.

iPhone құрылғысын қайтадан құлыптау үшін бүйірлік түймені басыңыз. Экранды бір минут немесе одан көп уақыт бойы түртпесеңіз, iPhone құрылғысы автоматты түрде құлыпталады.

iPhone құрылғысының құлпын Apple Watch арқылы ашу

Apple Watch құрылғыңызды (Series 3 және одан кейінгі) тағып отырған кезіңізде, оны маска киіп тұрған кезде (Face ID функциясы бар үлгілер; iOS 14.5 немесе одан кейінгі жүйе және watchOS 7.4 немесе одан кейінгі жүйе керек) iPhone құрылғысының құлпын ашу үшін пайдалануыңызға болады. iPhone құрылғысының құлпын Apple Watch арқылы ашу бөлімін қараңыз.

iPhone құрылғысының құлпын Touch ID функциясымен ашу

iPhone құрылғысын орнатқан кезде Touch ID функциясын орнатпаған болсаңыз, iPhone құрылғысында Touch ID функциясын орнату бөлімін қараңыз.

Home түймесі бар iPhone құрылғысында Home түймесін Touch ID функциясымен тіркеген саусағыңызды пайдаланып басыңыз.

iPhone құрылғысының төменгі жағындағы Home түймесі.

iPhone құрылғысын қайтадан құлыптау үшін бүйірлік түймені немесе Sleep/Wake түймесін (үлгіге байланысты) басыңыз. Экранды бір минут немесе одан көп уақыт бойы түртпесеңіз, iPhone құрылғысы автоматты түрде құлыпталады.

iPhone құрылғысының құлпын құпия кодпен ашу

iPhone құрылғысын орнатқан кезде құпия кодты жасамаған болсаңыз, iPhone құрылғысында құпия код орнату бөлімін қараңыз.

  1. Lock экранының төменгі жағынан жоғары сипаңыз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе Home түймесін басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде).

  2. Құпия кодты енгізіңіз (iPhone құрылғыңызды құпия кодты талап ететін қылып орнатсаңыз).

iPhone құрылғысын қайтадан құлыптау үшін бүйірлік түймені немесе Sleep/Wake түймесін (үлгіге байланысты) басыңыз. Экранды бір минут немесе одан көп уақыт бойы түртпесеңіз, iPhone құрылғысы автоматты түрде құлыпталады.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.