Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысын қосу және орнату

Жаңа iPhone құрылғыңызды қосыңыз және оны Интернет қосылымы арқылы орнатыңыз. Сондай-ақ, iPhone құрылғысын компьютеріңізге қосу арқылы оны орнатуыңызға болады. Егер сізде басқа iPhone, iPad, iPod touch құрылғысы немесе Android құрылғысы болса, деректеріңізді жаңа iPhone құрылғыңызға тасымалдауыңызға болады.

Ескертпе: iPhone құрылғыңыз компания немесе басқа ұйым тарапынан қолданылса немесе басқарылса, орнату нұсқаулары үшін әкімшіге хабарласыңыз. Жалпы ақпарат алу үшін Apple at Work веб-торабын қараңыз.

Орнатуға дайындау

Орнатуды мүмкіндігінше жатық ету үшін келесі элементтерді қолжетімді ұстаңыз:

  • Wi-Fi желісі арқылы Интернет қосылымы (желінің атауы мен құпия сөзін қажет етуіңіз мүмкін) немесе операторыңыз арқылы ұялы деректер қызметі

  • Apple ID идентификаторыңыз бен құпия сөзіңіз; Apple ID идентификаторыңыз болмаса, орнату кезінде біреуін жасауыңызға болады

  • Орнату кезінде картаны Apple Pay қызметіне қосу қажет болса, несие немесе дебет картаңыздың тіркелгі ақпараты

  • Деректеріңізді жаңа құрылғыңызға тасымалдап жатсаңыз, алдыңғы iPhone құрылғыңыз немесе құрылғыңыздың сақтық көшірмесі

  • Android мазмұнын тасымалдап жатсаңыз, Android құрылғыңыз

iPhone құрылғыңызды қосу және орнату

  1. Бүйірлік түймені немесе Sleep/Wake түймесін (үлгіге байланысты) Apple логотипі пайда болғанша басып тұрыңыз.

    Үш басқа iPhone үлгісіндегі бүйірлік немесе Sleep/Wake түймесі.

    iPhone құрылғысы қосылмаса, батареяны зарядтауыңыз керек болуы мүмкін. Қосымша анықтама алу үшін iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғыңыз қосылмаса немесе қатып қалса атты Apple Support мақаласын қараңыз.

  2. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Set Up Manually түймесін түртіңіз, одан кейін экрандағы орнату нұсқауларын орындаңыз.

    • Егер iOS 11, iPadOS 13 немесе одан кейінгі жүйесі бар басқа iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғыңыз болса, Quick Start қолданбасын жаңа құрылғыңызды автоматты түрде орнату үшін пайдалануыңызға болады. Екі құрылғыны бірге жақын ұстаңыз, одан кейін параметрлеріңіздің, теңшелімдеріңіздің көбін және iCloud Keychain қолданбаңызды қауіпсіз көшіру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Деректеріңіз бен мазмұныңыздың қалғанын кейін жаңа құрылғыңызға iCloud сақтық көшірмеңізден қалпына келтіруіңізге болады.

      Не болмаса, екі құрылғыда да iOS 12.4, iPadOS 13 немесе одан кейінгі жүйе орнатылған болса, барлық деректеріңізді алдыңғы құрылғыдан жаңасына сымсыз тасымалдай аласыз. Көшіру процесі аяқталғанша құрылғыларыңызды бір-біріне жақын және қуат көзіне қосулы ұстаңыз.

      Сондай-ақ, деректеріңізді құрылғылар арасында сымды қосылымды пайдаланып тасымалдауыңызға болады. Quick Start қолданбасын деректеріңізді жаңа iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысына тасымалдау үшін пайдалану бөлімін қараңыз.

    • Зағип болсаңыз немесе көзіңіз нашар көрсе, VoiceOver экранды оқу құралын қосу үшін бүйірлік түймені үш рет басыңыз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе Home түймені үш рет басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде). Zoom параметрін қосу үшін экранды үш саусақпен екі рет түртуіңізге де болады.

Android құрылғысынан iPhone құрылғысына өту

Жаңа iPhone құрылғыңызды бірінші рет орнатқаныңызда, деректеріңізді Android құрылғысынан автоматты түрде және қауіпсіз көшіре аласыз.

Ескертпе: Move to iOS қолданбасын тек iPhone құрылғысын бірінші рет орнатқанда пайдалана аласыз. Орнатуды аяқтап қойған болсаңыз және Move to iOS қолданбасын пайдаланғыңыз келсе, iPhone құрылғыңызды өшіруіңіз және қайта бастауыңыз немесе деректерді қолмен көшіруіңіз керек. Мазмұнды Android құрылғыңыздан iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғыңызға қолмен көшіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.

  1. Android жүйесінің 4.0 немесе одан кейінгі нұсқасы бар құрылғыда Android жүйесінен iPhone, iPad, немесе iPod touch құрылғысына көшу атты Apple Support мақаласын қараңыз және Move to iOS қолданбасын жүктеп алыңыз.

  2. iPhone құрылғыңызда келесі әрекеттерді орындаңыз:

    • Орнату көмекшісінің нұсқауларын орындаңыз.

    • Apps & Data экранында Move Data from Android түймесін түртіңіз.

  3. Android құрылғысында келесі әрекеттерді орындаңыз:

    • Wi-Fi параметрін қосыңыз.

    • Move to iOS қолданбасын ашыңыз.

    • Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

ЕСКЕРТУ: Жарақаттанып қалмау үшін iPhone құрылғысын пайдаланбастан бұрын iPhone құрылғысының маңызды қауіпсіздік ақпараты бөлімін оқып шығыңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.