Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

Қолданбаларды iPhone құрылғысында ашу

Қолданбаларды Home Screen беттерінен немесе App Library кітапханаңыздан жылдам аша аласыз.

  1. Home экранына өту үшін экранның төменгі шетінен жоғары қарай сипаңыз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе Home түймесін (Home түймесі бар iPhone құрылғысында) басыңыз.

    Home экранына өту үшін экранның төменгі шетінен жоғары сипауды көрсетіп тұрған сурет.
  2. Басқа Home Screen экранының беттеріндегі қолданбаларды шолу үшін солға сипаңыз.

    Басқа Home Screen экранының беттеріндегі қолданбаларды шолу үшін солға сипауды көрсетіп тұрған сурет.
  3. Ішінде қолданбаларыңыз санат бойынша ұйымдастырылған App Library кітапханаңызды көру үшін барлық Home Screen беттеріңізді солға сипап өткізіңіз.

  4. Қолданбаны ашу үшін оның белгішесін түртіңіз.

  5. App Library кітапханасына оралу үшін экранның төменгі шетінен жоғары қарай сипаңыз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе Home түймесін (Home түймесі бар iPhone құрылғысында) басыңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.