Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы «Сурет ішіндегі сурет» функциясымен көп тапсырма орындау

«Сурет ішіндегі сурет» функциясымен басқа қолданбаларды пайдалану кезінде видео қарауыңызға немесе FaceTime қолданбасын пайдалануыңызға болады.

FaceTime сұхбаты жүріп жатыр, ал асүйді безендіру туралы жазба экранның қалғанын толтырып тұр.

Видеоны қарау кезінде видео терезесінде Видеоны кішірейту түймесін түртіңіз.

Басты экранды көре алуыңыз үшін және басқа қолданбаларды аша алуыңыз үшін видео терезесі экраныңыздың бұрышына дейін масштабталады. Видео терезесі көрсетіліп тұрғанда келесі әрекеттердің кез келгенін орындауыңызға болады:

  • Видео терезесінің өлшемін өзгерту: Кішкентай видео терезесін үлкендету үшін түйістіріп ашыңыз. Оны қайтадан кішірейту үшін түйістіріңіз.

  • Басқару элементтерін көрсету және жасыру: Видео терезесін түртіңіз.

  • Видео терезесін жылжыту: Оны экранның басқа бұрышына сүйреңіз.

  • Видео терезесін жасыру: Оны экранның сол немесе оң жақ шетінен тыс жерге сүйреңіз.

  • Видео терезесін жабу: Жабу түймесін түртіңіз.

  • Толық видео экранына оралу: Кішкентай видео терезесіндегі Толық экранды қалпына келтіру түймесін түртіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.