Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы «Карталар» қолданбасында тұраққа қойылған көлігіңізге бағыттар алу

iPhone құрылғыңызды көлігіңіздің CarPlay немесе Bluetooth® жүйесінен ажыратсаңыз және көлігіңізден шықсаңыз, тұраққа қойылған көлік маркері «Карталар» қолданбасында қойылады, сонда көлігіңізге қайта баратын жолды оңай таба аласыз.

Тұраққа қойылған көлігіңізді табу

  1. iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Siri ұсыныстары бөлімінен көлік тұрағын таңдау

«Карталар» қолданбасында тұраққа қойылған көлігіңізді таппасаңыз

iPhone құрылғыңыздың көлігіңіздегі CarPlay немесе Bluetooth жүйесіне жұпталғанын тексеріңіз, одан кейін келесі реттеулерді тексеріңіз:

  • «Геолокация сервистері» реттеуі «Реттеулер»  > «Құпиялылық және қауіпсіздік» тармағында қосылған.

  • «Маңызды геолокациялар» реттеуі «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Геолокация сервистері» > «Жүйелік сервистер» тармағында қосылған.

  • «Тұрақ орнын көрсету» реттеуі «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Карталар» тармағында қосылған.

Ескертпе: Көлігіңізді үй немесе жұмыс сияқты таныс жерге қоятын болсаңыз, «Карталар» оны тұраққа қойған деп белгілемейді.

Тұрақ геолокацияңызды көрсетпеу

  1. iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Көлігіңіздің ағымдағы орны үшін «Тұраққа қойылған автомобиль» маркерін жою үшін меркерді басып тұрыңыз, одан кейін «Көлікті жою» түймесін түртіңіз.

Тұрақ геолокацияңызды ешқашан көрсетпеу үшін «Реттеулер»  > «Қолданбалар» > «Карталар» тармағына өтіңіз, одан кейін «Тұрақ орнын көрсету» реттеуін өшіріңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.