Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.

iPhone құрылғысында FaceTime қоңырауы кезінде Live Photo суретін түсіру

FaceTime видео қоңырауында болған кезіңізде сұхбатыңыздың сәтін түсіру үшін Live Photo суретін түсіруіңізге болады (қызмет барлық елде немесе аймақта бола бермейді). Камера фото түсірместен бұрын және одан кейін болған нәрсені, соның ішінде дыбысты түсіреді, сонда кейінірек оны ол орын алған жолмен көре және ести аласыз.

Ескертпе: «FaceTime Live Photo суреттері» реттеуінің «Реттеулер»  > «Қолданбалар» > «FaceTime» тармағында қосылғанын тексеріңіз.

  1. FaceTime қолданбасында видео қоңырау арқылы сөйлесіп жатқан кезде, FaceTime басқару элементтерін көрсету үшін (егер олар көрінбей тұрса) экранды түртіңіз.

  2. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Басқа бір адаммен қоңырауда кезде: Live Photo түсіру түймесін түртіңіз.

    • Топтық FaceTime қоңырауы кезінде: Суретін түсіргіңіз келетін адамның тақтасын түртіңіз, одан кейін Live Photo түсіру түймесін түртіңіз.

Фотоның түсірілгені туралы хабарландыруды екеуіңіз де аласыз, ал Live Photo суреті «Фотолар» қолданбаңызда сақталады.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.