Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында Wi-Fi құпиясөзіңізді табу және бөлісу

Қазір пайдаланып жатқан Wi-Fi желіңіздің құпиясөзін таба аласыз және бұрын сақтаған барлық Wi-Fi желіңіз бен құпиясөзіңізді көре аласыз. Қазір пайдаланып жатқан Wi-Fi желіңіздің құпиясөзін жақын досыңызбен немесе отбасы мүшесімен бөлісе аласыз.

Wi-Fi құпиясөзін табу

  1. iPhone құрылғыңызда «Құпиясөздер» қолданбасына өтіңіз.

  2. Wi-Fi түймесін түртіңіз.

    Wi-Fi желісіне қосылған болсаңыз, оның атауы экранның жоғарғы жағында пайда болады. Сондай-ақ, бұрын сақтаған барлық Wi-Fi желіңізді көре аласыз.

  3. Wi-Fi желісін түртіңіз.

  4. «Құпиясөз» өрісін түртіңіз.

    Құпиясөзді басқа жерде пайдалану мақсатында көшіру үшін «Құпиясөзді көшіру» түймесін түртіңіз.

Wi-Fi желісіне арналған құпиясөзіңізді жақын доспен немесе жанұямен бөлісу

  1. iPhone құрылғыңыздың (құпиясөз бөлісіп жатқан) құлпы ашық екенін және Wi-Fi желісіне қосылғанын тексеріңіз.

  2. Досыңызды немесе отбасы мүшесін өздерінің iPhone, iPad құрылғыларында немесе Mac компьютерінде «Wi-Fi реттеулері» терезесіне өткізіп, желіне таңдатқызыңыз.

  3. Wi-Fi құпиясөзін бөліскіңіз келетін-келмейтінін сұрайтын хабар көрсетілгенде «Құпиясөзді бөлісу» түймесін түртіңіз.

Ескертпе: Wi-Fi желіңіздің құпиясөзін ортақ пайдалану үшін құрылғылар Bluetooth және Wi-Fi ауқымында болуы, жеке кіру нүктесін пайдаланбауы және бір-бірінің контактілеріне қосылған болуы керек.

Сондай-ақ Wi-Fi желісіне өтіп, достарыңыз бен отбасыңыз желіге қосылу үшін сканерлей алатын «Желінің QR кодын көрсету» түймесін түртуіңізге болады.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.