Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

EarPods құлаққаптарын iPhone құрылғысымен пайдалану

EarPods құлаққаптарын (бөлек сатылады) iPhone құрылғысында музыка мен видеоларды тыңдау және қоңыраулар шалу үшін пайдалануыңызға болады. EarPods құлаққабы микрофонмен, дыбыс деңгейі түймелерімен және ортаңғы түймемен жабдықталған.

iPhone құрылғысы құлыптаулы кезде де қоңырауға жауап беру және оны аяқтау, дыбыс пен видеоны ойнатуды басқару және Siri көмекшісін пайдалану үшін ортаңғы түймені пайдаланыңыз.

Apple EarPods; ортаңғы түйме оң құлаққа арналған құлаққапқа апаратын сымда орналасқан.

Дыбысты EarPods құлаққабымен басқару

  • Уақытша тоқтату: Ортаңғы түймені басыңыз. Ойнатуды жалғастыру үшін қайтадан басыңыз.

  • Алға өткізу: Ортаңғы түймені екі рет жылдам басыңыз.

  • Артқа өткізу: Ортаңғы түймені үш рет жылдам басыңыз.

  • Алға айналдыру: Ортаңғы түймені екі рет жылдам басып, ұстап тұрыңыз.

Қоңырауларды EarPods құлаққабымен басқару

  • Кіріс қоңырауына жауап беру: Ортаңғы түймені басыңыз.

  • Ағымдағы қоңырауды аяқтау: Ортаңғы түймені басыңыз.

  • Кіріс немесе күтудегі қоңырауға ауысу және ағымдағы қоңырауды күту күйіне қою: Ортаңғы түймені басыңыз. Бірінші қоңырауға қайта ауысу үшін қайтадан басыңыз.

Siri көмекшісінен EarPods құлаққаптарымен сұрау

Сигнал естілгенше ортаңғы түймені басып тұрыңыз. Босатыңыз, одан кейін Siri көмекшісінен тапсырманы орындауды немесе сұрағыңызға жауап сұраңыз. iPhone құрылғысында Siri көмекшісін қосу және белсендіру бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.