Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.

iPhone құрылғысында балаңыздың Экран уақыты сұрауына жауап беру

«Экран уақыты» ата-аналарға өз балаларының құрылғыларында, олар пайдаланатын қолданбаларда және олар сөйлесетін адамдармен өткізетін уақытын басқаруға көмектеседі. Және бұл оларға сіз қойған шектеуге жеткенде сұрау жасауға мүмкіндік береді. Мысалы:

  • «Тыныштық уақыты» немесе «Қолданба шектеулері» реттеуін қоссаңыз, олар уақыт шегіне жеткеннен кейін сізден қосымша уақытқа рұқсат етуді сұрай алады.

  • Олар үшін «Байланыс шектеулері» орнатылған болса, олар тек контактілер тізіміндегі адамдармен байланыса алады, олар тізімге жаңа контактіні қосуды сұрай алады.

    Ескертпе: Егер қолданба қажетті техникалық талаптарға сәйкес келсе, балаңыз қолданбада адамдармен сөйлесуді сқрай алуы мүмкін.

Балаңыз Экран уақытынан тыс басқа сұрауларды жасай алады. «Сатып алу сұрауы» функциясын баптасаңыз, балаңыз App Store, iTunes Store немесе Apple Books дүкендерінен қолданбаны жүктеп алуды, бөлісілген қолданбаны қайта жүктеп алуды немесе затты сатып алуды сұрай алады. Сондай-ақ, олар қазіргі жас рейтингілерінен жоғары қолданбаны сатып алу немесе жүктеп алуға ерекше рұқсат сұрай алады. «Сатып алу сұрауы» функциясын баптау немесе бұл сұрауларды өңдеу үшін Бала үшін «Сатып алу сұрауы» параметрін қосу және Баланың ерекше жағдай сұрауына жауап беру бөлімдерін қараңыз.

«Қосымша уақыт сұраулары» үшін бөлімді көрсетіп тұрған Отбасылық қол жеткізу тобындағы бала экраны.

Баланың Экран уақыты сұрауына тікелей оның құрылғысынан жауап беру

  1. Баланың құрылғысында тиісті қолданбаны ашыңыз, содан кейін сұрауды бастау үшін опцияны басыңыз немесе түртіңіз. (Мысалы, «Қосымша уақыт сұрау» түймесін басыңыз немесе түртіңіз.)

  2. «Экран уақытының құпиякодын енгізіңіз» түймесін түртіңіз, одан кейін Экран уақытының құпиякодын енгізіңіз.

  3. «Растау» немесе «Қабылдамау» түймесін басыңыз немесе түртіңіз.

iPhone құрылғыңызда балаңыздың Экран уақыты сұрауына жауап беру

Баланың сұрауын — қолданбада көбірек уақыт сұрау сияқты — iPhone құрылғыңызда растай аласыз.

  1. iPhone құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Экран уақыты» түймесін түртіңіз, одан кейін отбасы мүшесінің атын таңдаңыз. (Төменге жылжуыңыз керек болуы мүмкін.)

  3. Балаңыз сұрау жасаса, қолданбалар тізімі пайда болады. Баланың сұрауларының астындағы қолданбаны түртіңіз, содан кейін Экран уақыты құпиякодын енгізіңіз.

  4. Сұрауға байланысты келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • 15 минутқа мақұлдау: «15 минутқа мақұлдау» түймесін түртіңіз.

    • 1 сағатқа мақұлдау: «1 сағатқа мақұлдау» түймесін түртіңіз.

    • Күннің қалған уақытына мақұлдау: «Бір күнге мақұлдау» түймесін түртіңіз.

    • Сұрауды мақұлдау: «Сұрауды мақұлдау» түймесін түртіңіз.

    • Сұрауды қабылдамау: «Мақұлдамау» түймесін түртіңіз.

Сондай-ақ, сұрауларзды тікелей хабарландырулардан және «Хабарлар» қолданбасынан растауыңызға немесе қабылдамауыңызға болады. Хабарландыруда немесе хабарда «Approve» немесе «Deny» түймесін басыңыз (немесе опцияны таңдау үшін «Options» қалқымалы мәзірін басыңыз).

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.