Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында фотода немесе видеода контентпен өзара әрекеттесу үшін «Онлайн-мәтін» параметрін пайдалану

«Онлайн-мәтін» функциясы онлайн тапқан фотоларыңыздағы, видеоларыңыздағы және суреттеріңіздегі мәтінді анықтайды. Бұл мәтінмен бірнеше жолмен өзара әрекетесе аласыз. Көшіру, бөлісу немесе аудару үшін мәтінді таңдауыңызға болады немесе телефон қоңырауын шалу, веб-сайтты ашу немесе валюталарды ауыстыру сияқты тапсырмаларды орындау үшін жылдам әрекеттерді пайдалануыңызға болады.

«Онлайн-мәтін» параметрін Safari, «Фотолар», «Камера», «Жылдам қарап шығу» және т.б. қолданбаларда пайдалануыңызға болады.

Испан тіліндегі рецепттің фотосы көрсетілген. Фотосурет ішінде мәтін бөлектеледі. Төменгі жағында солдан оңға қарай «Аудару», грамды түрлендіру, «Цельсийді түрлендіру» және «Мәтінді анықтау» түймелері орналасқан.

«Онлайн-мәтін» параметрін қосу

«Онлайн-мәтін» параметрін пайдалануды бастамастан бұрын оның барлық қолдау көрсетілетін тілдер үшін қосылғанын тексеріңіз.

  1. «Реттеулер» > «Жалпы» > «Тіл және аймақ» тармағына өтіңіз.

  2. «Онлайн-мәтін» параметрін қосыңыз (жасыл — қосулы).

Фотода немесе видеода мәтінді көшіру, аудару және іздеу

  1. Фотоны ашыңыз немесе мәтінді қамтитын видеоны кідіртіңіз.

  2. Мәтінді анықтау түймесін түртіңіз, одан кейін таңдалған мәтінді басып тұрыңыз.

  3. Нақты мәтінді таңдау үшін ұстау нүктелерін пайдаланыңыз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Мәтінді көшіру: Мәтінді «Жазбалар» немесе «Хабарлар» сияқты басқа қолданбаға қою үшін көшіріңіз.

    • Барлығын таңдау: Жақтау ішіндегі барлық мәтінді таңдаңыз.

    • Іздеу: Жекелендірілген веб ұсыныстарды көрсетіңіз.

    • Аудару: Мәтінді аударыңыз.

    • Интернеттен іздеңіз: Таңдалған мәтінді Интернеттен іздеңіз.

    • Бөлісу: Мәтінді AirDrop, «Хабарлар», «Пошта» немесе басқа қолжетімді опцияларды пайдаланып бөлісіңіз.

  4. Фотоға немесе видеоға оралу үшін Анықталған мәтінді таңдау түймесін түртіңіз.

Фотоның немесе видеоның ішіндегі тапсырмаларды жылдам әрекеттермен орындау

Фотоның немесе видеоның мазмұнына байланысты телефон қоңырауын шалу, бағыттар алу, тілдерді аудару, валюталарды ауыстыру және т.б. сияқты тапсырмаларды орындау үшін экранның төменгі жағындағы жылдам әрекетті түртуіңізге болады.

  1. Фотоны ашыңыз немесе мәтінді қамтитын видеоны кідіртіңіз.

  2. Мәтінді анықтау түймесін түртіңіз.

  3. Экранның төменгі жағындағы жылдам әрекетті түртіңіз.

  4. Фотоға немесе видеоға оралу үшін Анықталған мәтінді таңдау түймесін түртіңіз.

«Онлайн-мәтін» мүмкіндігі барлық аймақтарда немесе тілдерде қолжетімді бола бермейді. iOS және iPadOS мүмкіндігінің қолжетімділігі веб-сайтын қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.