Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысындағы «Денсаулық» қолданбасында Денсаулық мәліметтеріңізді толтыру

Тәжірибеңізді жекелендіру үшін «Денсаулық мәліметі» бөлімінде атыңызды, туған күніңізді, жынысыңызды, қан тобыңызды және басқа негізгі ақпаратты қосыңыз. Ауырып қалған кезіңізде, сізге төтенше сервис қызметкерлері мен басқа адамдар көмектесе алуы үшін, сырқаттарыңыз, дәрі-дәрмектеріңіз, аллергияларыңыз, қан түрі, төтенше контактілер және т.б. жазылған медициналық карта жасаңыз. Денсаулығыңызды «Денсаулық» қолданбасымен жақсырақ басқару үшін Денсаулықты бақылау тізімін мерзімді түрде қарап шығыңыз.

«Денсаулық мәліметі» экранын толтыру

«Денсаулық» қолданбаңызды бірінші рет ашқанда, сізден өзіңіз туралы негізгі денсаулық деректерін беру сұралады. Сұралған ақпараттың барлығын бермесеңіз, оны кейінірек «Денсаулық мәліметі» экранында қоса аласыз.

  1. iPhone құрылғыңызда «Денсаулық» қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Жинақтама» түймесін түртіңіз, одан кейін жоғарғы оң жақта суретіңізді немесе инициалыңызды түртіңіз.

  3. «Денсаулық мәліметі» түймесін, одан кейін «Өңдеу» түймесін түртіңіз.

    Аты, туған күні, қан тобы және басқа ақпарат өрістерін қамтитын «Денсаулық мәліметі» экраны.
  4. Өзгерту енгізу үшін өрісті түртіңіз.

  5. Аяқтаған кезде Дайын түймесін түртіңіз, одан кейін шығу үшін төмен сырғытыңыз.

Медициналық карта жасау

Төтенше сервис қызметкерлері мен басқа адамдар iPhone құрылғыңыз құлыптаулы кезде де, медициналық картаңыздағы сіз туралы маңызды ақпаратты қарай алады. Медициналық картаңызды баптау және қарау бөлімін қараңыз.

Туған күн, дәрілер, аллергиялар, төтенше жағдай контактілері және аурулар сияқты ақпаратты қамтыған «Медициналық карта» экраны.

Денсаулықты бақылау тізіміңізді қарап шығу

  1. iPhone құрылғыңызда «Денсаулық» қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Жинақтама» түймесін түртіңіз, одан кейін жоғарғы оң жақта суретіңізді немесе инициалыңызды түртіңіз.

  3. «Денсаулықты бақылау тізімі» түймесін түртіңіз.

  4. Тізімдегі элементті қосу немесе ол туралы қосымша мәліметтер алу үшін оны түртіңіз.

  5. Аяқтаған кезде, Дайын түймесін түртіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.