Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысында Ауа райы виджеттерін пайдалану

«Ауа райы» виджеттерін iPad басты экранында ауа райы болжамын және басқа ауа райы жағдайларын бір қарап тексеру үшін пайдаланыңыз. Түрлі виджеттер мен дисплейлерден таңдауыңызға болады. Виджетті басты экраныңызға қосу бөлімін қараңыз.

Кеңес: Басты экраныңызға бірнеше «Ауа райы» виджетін қоса аласыз, сонда түрлі геолокацияларда ауа райы жағдайлары мен болжамдарын жылдам қарай аласыз.

Ауа райы виджетінде көрсетілген геолокацияны өзгерту

«Ауа райы» виджеті iPad басты экраныңызда көрсететін геолокацияны өзгерте аласыз.

  1. Басты экранда «Ауа райы» виджетін басып тұрыңыз.

  2. «Ауа райын өңдеу» немесе «Дестені өңдеу» түймесін түртіңіз.

  3. «Менің геолокациям» түймесін түртіңіз, одан кейін көрсеткіңіз келетін қаланы іздеңіз немесе тізіміңізден геолокацияны түртіңіз.

  4. iPad басты экраныңызға оралу үшін экранда виджеттен тыс жерді түртіңіз.

«Ауа райы» виджеттерін iPad құрылғыңыздың құлыптау экранына да қоя аласыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.