Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.

iPad құрылғыңызда iCloud поштаңыздың кіріс жәшігін автоматты түрде тазалау

«iCloud поштасын тазалау» қолданбасын ескі жарнамаларды жою, тарату тізімдерінің жазылымынан бас тарту және т.б. арқылы кіріс жәшігін бос ұстауыңызға және жадты босатуыңызға көмектесу үшін пайдалануыңызға болады. «iCloud поштасын тазалау» ұсыныстарын баптаған кезде, олар «iCloud поштасы» функциясы қосылған кез келген құрылғыда жұмыс істейді.

Ескертпе: «iCloud поштасын тазалау» функциясы барлық тілдерде қолжетімді бола бермеуі мүмкін.

«iCloud поштасын тазалау» реттеуін қосу

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. [аты-жөніңіз] атыңызды түртіңіз, одан кейін «iCloud» түймесін түртіңіз.

  3. «iCloud сервисіне сақталды» реттеуінің төменінде «Пошта» түймесін түртіңіз, «iCloud поштасын тазалау» түмесін түртіңіз, одан кейін «”iCloud поштасын тазалау” функциясын пайдалану» реттеуін қосыңыз.

    Ескертпе: Тазалау ұсынысын қоспайынша, кіріс жәшігіңізге әсер етпейді.

«iCloud поштасын тазалау» функциясын iCloud.com сайтында қосуыңызға да болады. iCloud.com сайтында iCloud поштаңыздың кіріс жәшігін автоматты түрде тазалау бөлімін қараңыз.

Тазалау ұсынысын қосу

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. [аты-жөніңіз] атыңызды түртіңіз, одан кейін «iCloud» түймесін түртіңіз.

  3. «iCloud сервисіне сақталды» түймесінің төменінде «Пошта» түймесін түртіңіз, одан кейін «iCloud поштасын тазалау» түймесін түртіңіз.

  4. Тазалау ұсыныстарының біреуінің астында «Ұсыныс алу» түймесін түртіңіз. Мысалы, «Транзакцияларды тазалау» немесе «Жарнамаларды тазалау» опциясын таңдауыңызға болады.

  5. Қажет болса, ереже үшін қалқымалы мәзірді түртіңіз, содан кейін басқа опцияны таңдаңыз.

    • Әрекет: Электрондық поштаға не болады

    • Күй: Әрекет оқылмаған электрондық пошта хабарларына, оқылған электрондық пошта хабарларына немесе барлық электрондық пошта хабарларына қолданыла ма

    • Жас: Әрекет қолданылмастан бұрын электрондық пошта хабарларына қанша уақыт болуы керек

    Кеңес: Ұсыныс ережелерін кез келген уақытта өңдей аласыз. Белсенді ұсынысты түртіңіз, одан кейін опцияны таңдау үшін қалқымалы мәзірді түртіңіз.

  6. «Қосу» түймесін түртіңіз.

Тазалау ұсынысын жою

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. [аты-жөніңіз] атыңызды түртіңіз, одан кейін «iCloud» түймесін түртіңіз.

  3. «iCloud сервисіне сақталды» түймесінің төменінде «Пошта» түймесін түртіңіз, одан кейін «iCloud поштасын тазалау» түймесін түртіңіз.

  4. Белсенді тазалау ұсынысын түртіңіз, одан кейін оны өшіріңіз.

Жазылымнан бас тарту үшін «iCloud поштасын тазалау» ұсыныстарын пайдалану

«iCloud поштасын тазалау» функциясы «Жаңартулар» және «Жарнамалық акциялар» санаттарында жіберушілерге жаппай жазылудан бас тартуды және болашақ хабарларды автоматты түрде Қоқыс себетіне жылжытуды ұсына алады.

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. [аты-жөніңіз] атыңызды түртіңіз, одан кейін «iCloud» түймесін түртіңіз.

  3. «iCloud сервисіне сақталды» түймесінің төменінде «Пошта» түймесін түртіңіз, одан кейін «iCloud поштасын тазалау» түймесін түртіңіз.

  4. «Жазылымынан бас тарту» ұсыныстары астында «Ұсыныстар алу» түймесін түртіңіз.

  5. Жазылымынан бас тартқыңыз келетін әрбір жіберушіні таңдаңыз, одан кейін «Жазылымнан бас тарту» түймесін түртіңіз.

    Ескертпе: Ешқандай ұсыныстар көрмесеңіз, «iCloud поштасын тазалау» функциясында осы уақытта ешқандай ұсыныстар жоқ.

Жіберушіні «Жазылымнан бас тартылды» тізімінен жою

Егер ойыңызды өзгертсеңіз және жазылымынан бас тартқан жіберушіден электрондық пошта хабарларын алғыңыз келсе, оларды «Жазылымнан бас тартылды» тізімінен жоюыңызға болады.

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. [аты-жөніңіз] атыңызды түртіңіз, одан кейін «iCloud» түймесін түртіңіз.

  3. «iCloud сервисіне сақталды» түймесінің төменінде «Пошта» түймесін түртіңіз, одан кейін «iCloud поштасын тазалау» түймесін түртіңіз.

  4. «Жазылымнан бас тартылған» түймесін түртіңіз, одан кейін «Өңдеу» түймесін түртіңіз.

  5. «Жазылымнан бас тартылған» тізімінен жойғыңыз келетін әрбір жіберушінің жанындағы Жою түймесін түртіңіз.

    Бұрын жазылымынан бас тартқан жіберушіден электрондық пошта хабарларын қайта алу үшін оның веб-сайты арқылы жаңартулар мен жарнамаларға жазылуыңызға болады. Қайта жазылғаннан кейін сол жіберушінің болашақ хабарлары сіздің кіріс жәшігіңізге түседі.

«iCloud поштасын тазалау» реттеуін өшіру

«iCloud поштасын тазалау» реттеуін өшіргенде, iCloud поштасы ескі хабарларды басқаруды тоқтатады. Сондай-ақ ол жазылудан бас тартқан кез келген жіберушілеріңіздің тізімін жояды және олардың хабарларын жоюды тоқтатады.

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. [аты-жөніңіз] атыңызды түртіңіз, одан кейін «iCloud» түймесін түртіңіз.

  3. «iCloud сервисіне сақталды» реттеуінің төменінде «Пошта» түймесін түртіңіз, «iCloud поштасын тазалау» түмесін түртіңіз, одан кейін «”iCloud поштасын тазалау” функциясын пайдалану» реттеуін өшіріңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.