Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы App Store қолданбасында сатып алуларыңыз бен жазылымдарыңызды көру

Apple жазылымдарыңызды, сондай-ақ App Store дүкенінен қолданбалардан сатып алған жазылымдарыңызды көре, өзгерте және олардан бас тарта аласыз.

Сатып алу тарихыңызды көру

Сатып алу тарихыңыз App Store дүкенінен тегін және ақылы қолданбаларды, сонымен қатар қолданбадағы сатып алуларды, жазылымдарды, музыканы, видеоларды, кітаптарды, AppleCare+ және т.б. қамтиды.

  1. iPad құрылғыңызда App Store қолданбасына өтіңіз.

  2. Жоғарғы оң жақтағы Менің аккаунтым түймесін немесе суретіңізді түртіңіз, «Қолданбалар және сатып алу тарихы» түймесін түртіңіз, одан кейін «Сатып алулар тарихы» түймесін түртіңіз.

    Сізден Face ID, Touch ID немесе құпиякодыңыз арқылы түпнұсқалықты растау сұралуы мүмкін.

  3. Нәтижелерді азайту үшін іздеу өрісіне атауды, бағаны немесе тапсырыс идентификаторын енгізіңіз.

  4. Іздеу шартын өзгерту үшін «Соңғы 90 күн, ақылы» түймесін түртіп, келесілердің кез келгенін орнатыңыз:

Қолданбаларды қарау және жүктеп алу

  1. iPad құрылғыңызда App Store қолданбасына өтіңіз.

  2. Жоғарғы оң жақтағы Менің аккаунтым түймесін немесе суретіңізді түртіңіз, «Қолданбалар және сатып алу тарихы» түймесін түртіңіз, одан кейін «Қолданбаларыңыз» түймесін түртіңіз.

  3. Егер сіз Отбасылық қол жеткізу тобының бөлігі болсаңыз, «Қолданбаларым» түймесін түртіңіз немесе отбасы мүшесін таңдаңыз.

  4. Жүктеп алғыңыз келетін қолданбаны табыңыз (ол App Store дүкенінде әлі де қолжетімді болса), одан кейін Қайта жүктеп алу түймесін түртіңіз.

Жазылымды өзгерту немесе одан бас тарту

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Атыңызды түртіңіз, одан кейін «Жазылымдар» түймесін түртіңіз.

  3. Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Жазылымнан бас тарту: Белсенді жазылымды түртіңіз, оддан кейін «Жазылымды тоқтату» немесе «Барлық қызметтерді тоқтату» түймесін түртіңіз.

    • Жазылымды өзгерту: Белсенді жазылымды түртіңіз, одан кейін басқа опцияны таңдаңыз.

    • Жазылымды жаңарту: Жарамдылық мерзімі біткен жазылымды түртіңіз, одан кейін «Жаңарту» түймесін түртіңіз.

    • Жазылымды бөлісу: Жарамды жазылымдарды Отбасылық қол жеткізу тобыңыздағы басқа мүшелермен автоматты түрде бөлісу үшін «Отбасымен бөлісу» параметрін қосыңыз.

    • Жаңарту түбіртектерін алу: Жазылымдарыңыздың біреуі жаңарған сайын түбіртек алу үшін «Жаңарту түбіртегінің электрондық пошта хабарлары» параметрін қосыңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.