Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы когнитивтік әмбебап қол жеткізу мүмкіндіктері

iPad құрылғысында сіздің немесе сіз қарайтын адамның когнитивтік қажеттеліктерін өтейтін кіріктірілген опциялар бар.

iPad құрылғысындағы әмбебап қол жеткізу мүмкіндіктерін шолу үшін «Реттеулер»  > «Әмбебап қол жеткізу» тармағына өтіңіз.

iPad құрылғысын сіз қарайтын адамға бейімдеу

iPad құрылғысын қарапайым қылу

Егер сіз қарайтын адамның когнитивтік қабілеті дамымаған болса, iPad құрылғысын қарапайым интерфейспен баптап беріңіз. Оларға ең лайық болады деген негізгі функцияларды таңдап, бейімдеп беріңіз.

Қарапайым режимнің пайдалану нұсқаулығы

iPad құрылғысын бір қолданбаға бекітіп қою

iPad құрылғыңызды балаға пайдалануға бергенде, оны бір қолданбаны ғана пайдаланатын етіп құлыптап қойыңыз.

iPad құрылғысын Басқарылмалы қолданыспен бір қолданбаға құлыптау

Сондай-ақ экраннан келетін сенсорлық стимулды азайтып қоюыңызға болады, мысалы, жарқырайтын немесе жыпылықтайтын жарықтары бар контентті автоматты түрде күңгірттеп көрсетуге және GIF файлы сияқты анимациялы кескіндердің көрсетілуін кідіртіп қоюға болады. Экрандағы қимылды тоқтату немесе азайту бөлімін қараңыз.

iPad құрылғысы Зейін қою, Мәтінді дауыспен енгізу, Оқу және айту және Live субтитрлер сияқты функциялармен зейінді шоғырландыруға, мәтін енгізуді жеңілдетуге немесе оқып немесе тыңдап жатқан нәрсені қалмай бақылап отыруға көмектесетін көптеген қосымша құралдар ұсынады.

Қосымша ресурстарды Apple когнитивтік әмбебап қол жеткізу мүмкіндіктері веб-сайтынан қараңыз.

Кеңес: Әмбебап қол жеткізу мүмкіндіктеріңіз бен реттеулеріңізді түймені басу арқылы немесе басқару орталығынан басқарыңыз. Әмбебап қол жеткізу пәрменімен мүмкіндіктерді жылдам ашу бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.