Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.

iPad құрылғысында күнделік жазбаларыңызды қарау және іздеу

«Күнделік» қолданбасында жазбаларыңыздан мәтінді іздеуіңізге және фотолар, суреттер және орындар сияқты мәліметтерді сүзгілеуіңізге болады. Кейінірек кіру үшін жазбаларды белгілеуіңізге де болады.

Жоғарғы оң жағында «Іздеу» түймесі бар күнделік жазбаларын көрсетіп тұрған «Күнделік» қолданбасындағы экран.

Күнделік жазбаларыңызды іздеу

  1. iPad құрылғыңызда «Күнделік» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Күнделікті таңдаңыз немесе «Барлық жазба» түймесін түртіңіз.

  3. Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Арнайы жазбаларды табу: Іздеу түймесін түртіңіз, одан кейін «Фотолар» немесе «Суреттер» сияқты санатты таңдаңыз, одан кейін іздеп жатқан мәтініңізді теріңіз.

    • Жазбаларды сұрыптау: Экранның жоғарғы оң жағында Толығырақ түймесін, «Сұрыптау әдісі» түймесін түртіңіз, одан кейін «Жазба күні» немесе «Сәт күні» параметрін таңдаңыз.

    • Белгілі бір күннің жазбаларын табу Бүйірлік тақтада «Тұжырымдар» түймесін, одан кейін күнтізбедегі күнді түртіңіз.

Жазбаларды орны бойынша қарау

Карта көрінісі арқылы жазбаларыңызды олардың орналасқан жеріне қарай көре аласыз.

  1. iPad құрылғыңызда «Күнделік» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтада «Орындар» түймесін түртіңіз.

  3. Күнделігіңізге оралу үшін «Барлық жазба» түймесін түртіңіз.

    Кеңес: Бүйірлік тақтаны ашу және жабу үшін Бүйірлік тақтаны қосу немесе өшіру түймесін түртіңіз.

Орынды қамтитын жазбалар немесе орын туралы ақпараты бар фотолар картаға қосылады. Пішімдеуді, фотоларды және т.б. қосу бөлімін қараңыз.

Күнделік жазбаларға бетбелгі қою

  1. iPad құрылғыңызда «Күнделік» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Күнделікті таңдаңыз немесе «Барлық жазба» түймесін түртіңіз.

  3. Жазбаны оңға сырғытып, Бетбелгі түймесін түртіңіз.

    Бірнеше жазбаға бетбелгі қою үшін экранның жоғарғы жағындағы Толығырақ түймесін түртіңіз, «Жазбаларды таңдау» түймесін түртіңіз, таңдау үшін жазбаларды түртіңіз, одан кейін Бетбелгі қою түймесін түртіңіз.

    Кеңес: Тек бетбелгі қойылған жазбаларды көру үшін Іздеу түймесін түртіңіз, одан кейін «Бетбелгі қойылған» түймесін түртіңіз.

    Күнделік жазбаларын көрсетіп тұрған «Күнделік» қолданбасындағы экран. Бір жазба оңға сырғытылады және «Бетбелгі» түймесін көрсетеді.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.