Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.

iPad құрылғысындағы «Жазбалар» қолданбасында жазбаларды жою және қалпына келтіру

Бұдан әрі қажет болмайтын жазбаларды жоюыңызға болады. Сондай-ақ, соңғы жойылған жазбаларды 30 күн ішінде қалпына келтіруіңізге болады.

Жазбаны жою

  1. iPad құрылғыңызда «Жазбалар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Жазбалар тізімінде жазбада солға сырғытыңыз, одан кейін «Жою» түймесін түртіңіз. Не болмаса, жазбаны басып тұрыңыз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

iPad құрылғыңыздағы «Жазбалар» қолданбасында жазбаны жойған кезде, ол iCloud.com сайтындағы және бірдей Apple аккаунтымен кірген басқа құрылғыларыңыздағы «Жақында жойылғандар» қалтасына жылжытылады.

Соңғы жойылған жазбаларды қалпына келтіру немесе түбегейлі жою

Жазбаны жойған кезде, олар iPad құрылғыңыздан, iCloud және Apple аккаунтыңызбен кірген басқа құрылғылардан түбегейлі жойылмастан бұрын «Жақында жойылғандар» қалтасында 30 күн сақталады. 30 күн ішінде кез келген уақытта оларды қалпына келтіруіңізге немесе оларды түбегейлі жоюыңызға болады.

  1. iPad құрылғыңызда «Жазбалар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Қалталар тізімінде «Жақында жойылғандар» түймесін түртіңіз. Қалталар тізімін көрсету үшін Бүйірлік тақтаны қосу немесе өшіру түймесін түртуіңіз қажет болуы мүмкін.

    «Жақында жойылғандар» қалтасын көрмесеңіз, ол қалтада ешқандай жазба жоқ және қалпына келтірілетін ешнәрсе жоқ.

  3. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Жазбаны қалпына келтіру: Жазбада солға сырғытыңыз, одан кейін «Жылжыту» түймесін түртіңіз. Жазбаны жаңа немесе бар қалтаға жылжытыңыз.

    • Жазбаны түбегейлі жою: Жазбада солға сырғытыңыз, «Жою» түймесін түртіңіз, одан кейін «Жазбаны жою» түймесін түртіңіз.

Ескертпе: Егер өзіңізге тиесілі емес ортақ жазбаны жойсаңыз, ол тек сіздің тізіміңізден жойылады, иесінің немесе басқа қатысушылардың тізімдерінен жойылмайды және «Жақында жойылғандар» қалтасында да көрсетілмейді. Иесі бөлісуді тоқтатпайынша бастапқы бөлісілген сілтемені пайдаланып оны қайта ашуыңызға болады.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.