Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы Apple Music қызметімен ән айту

Apple Music жазылушылары таңдаулы әндердің нақты уақытта ырғақпен сихнрондалған мәтінін қарау, сондай-ақ әннің вокалының дыбыс деңгейін реттеу үшін Apple Music Sing сервисін пайдалана алады. Ол әннің ерекшеленген мәтініне қарай отырып музыкаға қосылып ән салуға мүмкіндік береді.

Apple Music Sing мүмкіндігі 11 дюймдік iPad Pro (3-буын және одан кейінгі), iPad Air (4-буын және одан кейінгі), iPad mini (A17 Pro), iPad mini (6-буын) және iPadOS 16.2 немесе одан кейінгі жүйені қолданатын iPad (9-буын және одан кейінгі) құрылғыларында қолжетімді.

Әннің дауысының деңгейін реттеу

  1. iPad құрылғыңызда «Музыка» қолданбасына өтіңіз.

  2. Ән ойнатылып жатқанда, «Қазір ойнатылуда» экранын ашу үшін миниплеерді түртіңіз, одан кейін Ән сөзі түймесін түртіңіз.

  3. Apple Music Sing түймесін басып тұрыңыз, одан кейін дауыс деңгейін реттеу үшін жүгірткіні жоғары немесе төмен сүйреңіз.

    Әннің сөздерін дауыстап айту немесе аудару бойынша көмек қажет болған кезде, Аударма және айтылуы түймесін түртіңіз, одан кейін «Айтылуын көрсету» немесе «Аударманы көрсету» опциясын таңдаңыз. «Аударма және айтылуы» түймесін тек iPad құрылғысының «Таңдаулы тілдер» тізіміне сәйкес келетін аударма немесе айтылу қолжетімді болғанда ғана пайда болады. (Осы тізімді қарауыңызға және оған тілдерді тікелей «Реттеулер»  > «Жалпы» > «Тіл және аймақ» тармағында қосуыңызға болады.) Барлық тілдерде қолжетімді бола бермейді.

    Кеңес: Әннің мәтінін немесе айтылуын үлкенірек мәтінде көрсетуге болады. «Реттеулер»  > «Жалпы» > «Қолданбалар» > «Музыка» тармағына өтіңіз.

  4. Ән үшін Apple Music Sing функциясын өшіру үшін слайдерді түртіңіз.

Dolby Atmos арқылы ойнатылып жатқан әнді тыңдап отырсаңыз және Apple Music Sing функциясын қоссаңыз, Dolby Atmos өшеді, ал ән қоршаған дыбыссыз ойнайды. Apple Music Sing функциясын өшірсеңіз, ән қайтадан Dolby Atmos арқылы ойнайды.

Ән мәтінің оң жағында Apple Music Sing жүгірткісін, ал сол жақта «Аударма және айтылуы» түймесін көрсетіп тұрған «Қазір ойнатылуда» экраны. Аударма қосулы, сондықтан испан тілінен ағылшын тіліне аударманы көре аласыз. Қазір ойнатылып жатқан мәтін бөлектелген.

Apple TV 4K құрылғысында визуалды әсерлермен экранда ән айту

Өзіңізді ән сөзімен бірге экранда ән айтып тұрғаныңызды көру үшін iPad құрылғыңызды Үздіксіздік камерасы ретінде пайдалануыңызға болады. Суретіңіз бен ән сөзіңізге визуалды әсерлер қосуыңызға болады, бұл ән айту тәжірибесін жақсартады.

Apple TV 4K теледидарының пайдаланушы нұсқаулығындағы iPad құрылғыңызды Apple TV 4K үшін веб-камера ретінде пайдалану және Apple Music Sing қызметін Apple TV 4K теледидарында пайдалану бөлімдерін қараңыз.

«Ily» written by Juan David Loaiza «Kapo,» Orlando J. Cepeda Matos, Julio «Bati» Emmanuel Batista Ramos, Juan Diego Medina Vélez, Julian Turizo, Miguel Angel Diaz Velez, and Daniel Rondon.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.