Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.

iPad құрылғысындағы «Күнделік» қолданбасында пішімдеуді, фотоларды және т.б. қосу

«Күнделік» қолданбасында фотолар, сызбалар, видеолар, аудио және т.б. қосу арқылы мультимедиа жазбаларын жасай аласыз.

Фотолар мен пррогрестегі жазбаны көрсетіп тұрған «Күнделік» қолданбасындағы экран.

Мәтінді пішімдеу

Жазба мәтінінің түсін, стилін, пішімдеуін реттеуіңізге болады.

  1. iPad құрылғыңызда «Күнделік» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Фотоны қарау кезінде Бөлісу түймесін түртіңіз.

  3. Қалың мәтін, көлбеу, асты сызылған, сызылған қаріптерді, маркерленген немесе нөмірленген тізімдерді, блок тырнақшасын немесе қаріп түсін қолданыңыз.

Сурет қосу

  1. iPad құрылғыңызда «Күнделік» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Жазба құрастыру кезінде Сурет қосу түймесін түртіңіз, одан кейін сурет салуды бастаңыз.

    Кеңес: Суретті мәтіні бар жолға қою үшін суретті қойғыңыз келетін жерді басып тұрыңыз, одан кейін «Сурет енгізу» реттеуін таңдаңыз.

  3. «Балауыз қалам», «Қамыс қалам» немесе «Акварель щеткасы» сияқты басқа құралдарды көру үшін құралдар жолағы арқылы сырғытыңыз, одан кейін қалағаныңызды түртіңіз.

    Сызықтың қалыңдығы немесе мөлдірлігі сияқты сапасын өзгерту үшін кез келген құралды екінші рет түртіңіз.

  4. Сурет салуды аяқтаған кезде, Сурет қосу түймесін түртіңіз.

    Кіріктірілген суреттердің өлшемін өзгертуіңізге және қайта реттеуіңізге болады. Өлшемді өзгерту үшін төменгі сол жақтағы тұтқаны сүйреңіз. Қайта реттеу үшін суретті басып тұрып, оны жаңа орынға сүйреңіз.

Фотоларды немесе видеоларды торға немесе мәтін жолына қосу

  1. iPad құрылғыңызда «Күнделік» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Жазба жасау кезіне келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Фотолар мен видеоларды медиатекаңыздан таңдау: Фото немесе видео таңдау түймесін түртіңіз.

      Фото немесе видео таңдау түймесін көрмесеңіз, Толығырақ түймесін түртіңіз, одан кейін «Фото немесе видео таңдау» түймесін түртіңіз.

    • Жаңа фото немесе видео түсіру: Фотоға немесе видеоға түсіру түймесін түртіңіз.

      Фотоға немесе видеоға түсіру түймесін көрмесеңіз, Толығырақ түймесін түртіңіз, одан кейін «Фотоға немесе видеоға түсіру» түймесін түртіңіз.

  3. Фотолар мен видеоларды жазба мәтінінде жолға орналастыру үшін фотоны немесе видеоны басып тұрыңыз, одан кейін оны тордан жазбаға сүйреңіз.

    Жақтауда тұтқаны сүйреу арқылы кіріктірілген медианың өлшемін өзгертуіңізге болады.

Карта геолокациясын қосу

  1. iPad құрылғыңызда «Күнделік» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Жазба жазу кезінде Геолокациялар түймесін түртіңіз.

    Геолокациялар түймесін көрмесеңіз, Толығырақ түймесін түртіңіз, одан кейін «Геолокациялар» түймесін түртіңіз.

    Геолокация қосқан кезде, жазба «Орындар» бөлімінде көрінеді.

Тіркемелермен жұмыс істеу

Барлық тіркемелердің — фотолар, суреттер, видеолар, орындар, жазбалар және «Көңіл күйі» тақталары — ретін өзгертуге, жазба мәтінімен қатар орналастыруға және т.б. болады.

  1. iPad құрылғыңызда «Күнделік» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Жазба жасау кезіне келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Тіркемелерді мәтін ішіне орналастыру: Тіркемені басып тұрыңыз, одан кейін оны тордан жазбаға қарай сүйреңіз.

    • Кіріктірілген тіркемелердің өлшемін өзгерту: Жақтауда тұтқаны сүйреңіз.

    • Кіріктірілген тіркемелерді торға жылжыту: Тіркемені басып тұрыңыз, одан кейін оны торға жоғары қарай сүйреңіз.

    • Тіркемені толық экранда қарау: Миниатюраны түртіңіз.

    • Тіркемелерді қайта реттеу: Миниатюраны басып тұрыңыз, одан кейін оны басқа позицияға сүйреңіз.

    • Тіркемені жою: Миниатюраның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Жою түймесін түртіңіз.

Аудио жазу және транскрипциялау

Дыбыс жазуыңызға және сөздерді күнделік жазбасында трансрипциялауыңызға болады. Аудио транскрипциялары тек ағылшын тілінде қолжетімді (Сингапур және Үндістан тілдерін қоспағанда)

  1. iPad құрылғыңызда «Күнделік» қолданбасына  өтіңіз.

  2. Жазба жазу кезінде Аудио жазу түймесін түртіңіз.

    Аудио жазу түймесін көрмесеңіз, Толығырақ түймесін түртіңіз, одан кейін «Аудио жазу» түймесін түртіңіз.

  3. Жазу түймесін, одан кейін сөйлей бастаңыз.

  4. Аяқтаған кезде Кідірту түймесін түртіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

  5. Аудио жазбаны түртіңіз, одан кейін транскрипцияны қарап шығу үшін Транскрипция түймесін түртіңіз.

  6. Жазбаға мәтін қосу үшін Толығырақ түймесін түртіңіз, одан кейін «Жазбаға транскрипт қосу» түймесін түртіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.