Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғыңыздағы «Еске салғыш» қолданбасында азық-түлік тізімін жасау

«Еске салғыш» қолданбасында сатып алуды жеңілдету үшін азық-түлік тізімін жасауыңызға болады. Элементтер «Өнімдер» және «Теңіз тағамдары» сияқты санаттарға автоматты түрде сұрыпталады. Элементтердің топтастырылу жолын өзгертуіңізге болады, ал тізім қалауларыңызды есте сақтайды.

Ескертпе: Осы нұсқаулықта сипатталған барлық «Еске салғыш» мүмкіндіктері iCloud қызметінде жаңартылған еске салғыштарды пайдаланған кезіңізде қолжетімді болады. Кейбір мүмкіндіктер басқа аккаунттарды пайдалану кезінде қолжетімді болмайды.

«Нан өнімдер және дәндер» және «Сүт өнәмі», «Жұмыртқалар» және «Ірімшік» сияқты санаттардағы элементтері бар азық-түлік тізімін көрсетіп тұрған «Еске салғыш» қолданбасы.

Жаңа азық-түлік тізімін жасау

  1. iPad құрылғыңызда «Еске салғыш» қолданбасына өтіңіз.

  2. Тізім қосу түймесін түртіңіз.

  3. Тізім атауын енгізіңіз, «Тізім түрі» түймесін түртіңіз, одан кейін «Азық-түліктер» параметрін таңдаңыз.

  4. Тізім үшін түс пен таңбаны таңдаңыз (міндетті емес).

  5. Дайын түймесін түртіңіз.

Бар тізімді азық-түлік тізіміне түрлендіру

  1. iPad құрылғыңызда «Еске салғыш» қолданбасына өтіңіз.

  2. Тізімді түртіңіз, Толығырақ түймесін, одан кейін «Тізім туралы ақпаратты көрсету» түймесін түртіңіз.

  3. «Тізім түрі» түймесін түртіңіз, одан кейін «Азық-түліктер» опциясын таңдаңыз.

  4. Дайын түймесін түртіңіз.

Азық-түлік тізіміңізге элемент қосу

  1. iPad құрылғыңызда «Еске салғыш» қолданбасына өтіңіз.

  2. Азық-түлік тізіміңізде Жаңа элемент түймесін түртіңіз, одан кейін сипаттаманы енгізіңіз.

  3. Қосымша ақпарат енгізу үшін «Жазба қосу» түймесін түртіңіз.

  4. Элемент мәліметтерін өңдеу үшін Мәліметтерді өңдеу түймесін түртіңіз. Мысалы, фотоны тіркеуіңізге, геолокацияға негізделген еске салғышты орнатуыңызға немесе маңызды элементке жалауша қоюыңызға болады.

  5. Дайын түймесін түртіңіз.

Тізімге қосылған элементтер автоматты түрде санаттарға орналастырылады. iPad құрылғыңыздың жүйе тілінен басқа тілдегі азық-түлік элементтерін енгізсеңіз, «Реттеулер» терезесінде қосымша тілді қосуыңызға болады. («Азық-түлікті жіктеу» мүмкіндігі қолдау көрсетілетін тілдерде қолжетімді.)

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.