Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысында Apple Music профилін жасау

Сіз Apple Music сервисіне жазылғаннан кейін, сүйікті плейлисттеріңіз бен қазір тыңдап жүрген музыкаңыз көрсетілген Apple Music профилін жасауыңызға болады. Профиліңізді өзіңіз шақырған достарыңызбен немесе басқа Apple Music жазылушыларымен бөлісуіңізге болады.

Профиль жасағаннан кейін, бөліскіңіз келетін плейлисттерді таңдауыңызға болады. Оған қоса, достарыңыз жасаған профильдерді көруіңізге немесе оған жазылуға сұрау жіберуіңізге және олар тыңдайтын музыканы көруіңізге болады.

Профиль жасау

  1. iPad құрылғыңызда «Музыка» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтаны көрсету түймесін түртіңіз, одан кейін бүйірлік тақтаның төменгі жағындағы атыңызды түртіңіз.

  3. «Профиль баптау» түймесін түртіңіз, содан кейін профиль жасау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Профиліңізді баптап болғаннан кейін, музыкалық профиліне жазылғыңыз келетін достарыңызды табуға немесе музыкаңызды бөліскіңіз келетін адамдарды таңдауыңызға болады (осылайша достарыңызға тыңдап жүрген музыкаңызды көрсете аласыз).

Ескертпе: Егер сіз «Отбасылық қол жеткізу» тобының ұйымдастырушысы болсаңыз, 13 пен 18 жас аралығындағы балаларыңызға Apple Music профильдерін жасауға рұқсат етуіңізге (немесе тыйым салуыңызға) болады. 13 жасқа толмаған балалар Apple Music профильдерін жасай алмайды. (Жас шектеулері аймаққа қарай өзгереді.) Контентті блоктау және iTunes және App Store сервистерінде сатып алуға тыйым салу бөлімін қараңыз.

Профиліңізді өңдеу

  1. iPad құрылғыңызда «Музыка» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтаны көрсету түймесін түртіңіз, одан кейін бүйірлік тақтаның төменгі жағындағы атыңызды түртіңіз.

  3. Экранның жоғарғы жағындағы «Профильді көру» түймесін түртіңіз, одан кейін «Өңдеу» түймесін түртіп, өзгерістер енгізіңіз.

    Профиліңізді сіз музыкаңызды бөлісетін адамдарды таңдайтын немесе жазылушыларыңызбен бөлісетін музыканы таңдайтын етіп өзгертуіңізге болады.

Профиліңізді жою

Профиліңізді плейлисттеріңіз бен музыкаңыз ендігәрі іздеу нәтижелерінен шықпайтындай және музыкаңыз немесе профиліңіз жазылушыларыңызға көрінбейтіндей етіп жоюыңызға болады.

Ескертпе: Егер профиліңізді жойсаңыз, Apple Music жазылымыңыз, медиатекаңыз бен плейлисттеріңізге ештеңе болмайды, бірақ бұдан былай достарыңыз тыңдап жүрген музыканы көре алмайсыз.

  1. iPad құрылғыңызда «Музыка» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтаны көрсету түймесін түртіңіз, одан кейін бүйірлік тақтаның төменгі жағындағы атыңызды түртіңіз.

  3. Экранның жоғарғы жағындағы «Профильді көру» түймесін түртіңіз, одан кейін «Өңдеу» түймесін түртіңіз.

  4. Төменге жылжып барыңыз, содан кейін «Профильді жою» түймесін түртіңіз.

    Егер профиліңізді 90 күн ішінде қайтадан жасасаңыз, алдыңғы ақпаратыңыз бен жазылушыларыңыз қалпына келеді.

Ескертпе: Егер профиліңізді жойсаңыз, шамамен бірнеше минуттан кейін ол ендігәрі жазылушыларыңызға немесе іздеу нәтижелерінде көрсетілмейтін болады.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.