Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.

iPad құрылғысындағы News қолданбасында жергілікті жаңалықтарды оқу

Apple News қызметінде сіз үшін ең маңызды жерлердегі жаңалықтардан, оқиғалардан және ауа райынан хабардар болу үшін жергілікті жаңалықтар арнасын баптауыңызға болады. Қалаған геолокацияларыңызға жазылып, белгілі бір қаладан, елді мекеннен немесе ауданнан жаңалықтарға басымдық беру үшін оларды реттей аласыз. Өзіңіз жазылған басты геолокациядан жаңалықтар мақалалары Today (Бүгін) арнасында да пайда болады.

Ескертпе: Apple News қызметі барлық елде немесе аймақта бола бермейді. Жергілікті жаңалықтар арнасы тек АҚШ-та қолжетімді. Apple News қызметі қолжетімді басқа елдерде жаңалықтарын алу үшін қалаған геолокацияларыңызға жазыла аласыз. Apple медиа сервистерінің қолжетімділігі атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.

Жергілікті жаңалықтар арнасын баптау

  1. iPad құрылғыңызда «News» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтада Local (Жергілікті) түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Ешқандай геолокацияларға жазылмасаңыз: Get Started (Жұмысты бастау) түймесін түртіңіз.

    • Local News (Жергілікті жаңалықтар) бөлімінде бір немесе бірнеше геолокацияға жазылсаңыз: Locations (Геолокациялар) түймесін түртіңіз, одан кейін Manage Locations (Геолокацияларды басқару) түймесін түртіңіз.

  3. Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Ағымдағы геолкацияңызды пайдаланып жаңалықтар арнасын іздеу: Жергілікті жаңалықтармен жұмысты бастап жатсаңыз, Current Location (Ағымдағы геолокация) түймесін түртіңіз. Бір немесе бірнеше геолокацияға жазылсаңыз, іздеу өрісін түртіңіз, одан кейін Current Location (Ағымдағы геолокация) түймесін түртіңіз.

    • Геолокацияны іздеу: Іздеу өрісін түртіңіз, қаланы, елді мекенді немесе пошталық индексті енгізіңіз, одан кейін іздеу нәтижелерінен орынды таңдаңыз.

    • Штат немесе ел бойынша іздеу: Төмен жылжып, штатты немесе елді таңдаңыз. Қолжетімді арналар тізімі Local News Feeds (Жергілікті жаңалықтар арналары) астында пайда болады.

  4. Жазылғыңыз келетін геолокацияның жанындағыp Add (Қосу) түймесін түртіңіз, одан кейін гелокациялар тізіміне қайту үшін Close (Жабу) түймесін түртіңіз.

  5. Жергілікті жаңалықтар арнасына қайту үшін Жабу түймесін түртіңіз.

Жазылған геолокацияларыңыз Local News (Жергілікті жаңалықтар) астында бүйірлік тақтада тізімделеді.

Жергілікті жаңалықтарды оқу

  1. iPad құрылғыңызда «News» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтада Local (Жергілікті) түймесін түртіңіз, одан кейін оқу үшін оны түртіңіз.

Геолокация үшін жаңалықтар арнасын бейімдеу

Геолокацияға жазылғаннан кейін, жаңалықтар мен ауа райына басымдық беру үшін белгілі бір қаланы, елді мекенді немесе ауданды таңдай аласыз.

  1. iPad құрылғыңызда «News» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтада Local (Жергілікті) түймесін түртіңіз, одан кейін Locations (Геолокациялар) түймесін түртіңіз.

  3. Manage Locations (Геолоацияларды басқару) түймесін түртіңіз.

  4. Жазылған геолокацияңыздың атауының астындағы Customize (Бейімдеу) түймесін түртіңіз. Егер сіз белгілі бір геолокацияны қосып қойған болсаңыз, оны өзгерту үшін геолокацияның атауын түртіңіз.

  5. Іздеу өрісін түртіңіз, қаланы, елді мекенді немесе пошталық индексті енгізіңіз, одан кейін іздеу нәтижелерінен орынды таңдаңыз.

Жергілікті жаңалықтар арнасындағы геолокацияларды өзгерту

  1. iPad құрылғыңызда «News» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтада Local News (Жергілікті жаңалықтар) тармағына жылжып, қарағыңыз келетін геолокацияны таңдаңыз.

Жергілікті баспагерлерге жазылу

Жергілікті жаңалықтар арналарын облыс немесе ел бойынша іздегенде олардың баспагерлеріне тікелей жазылуыңызға болады.

  1. iPad құрылғыңызда «News» қолданбасына өтіңіз.

  2. Бүйірлік тақтада Local (Жергілікті) түймесін түртіңіз, одан кейін Locations (Геолокациялар) түймесін түртіңіз.

  3. Manage Locations (Геолокацияларды басқару) түймесін түртіңіз, одан кейін төмен жылжып, штатты немесе елді таңдаңыз.

  4. Local Publishers (Жергілікті баспагерлер) тармағына қарай төмен жылжыңыз, одан кейін жазылған баспагеріңіздің жанындағы Add (Қосу) түймесін түртіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.