Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысында сіз оқып немесе теріп жатқан мәтіннің үлкейтілген нұсқасын көру

iPad құрылғысындағы «Үлкенірек» функциясын пайдаланып, мәтіннің немесе экрандағы басқа элементтердің (мысалы, белгішелердің) үлкейтілген нұсқасын көру үшін олардың үстіне меңзерді апарыңыз. Болмаса, теріліп жатқан мәтіннің үлкейтілген нұсқасын көрсететін бөлек терезені экранға шығару үшін «Теру кезінде үлкейту» функциясын пайдаланыңыз.

Бастамастан бұрын

«Үлкенірек» функциясын пайдалану үшін iPad құрылғысымен трекпад немесе тінтуір сияқты көрсеткіш құрылғы жалғауыңыз қажет. Қолдау көрсетілген iPad үлгілерінде Apple Pencil қаламын (2-буын) немесе Apple Pencil Pro қаламын меңзегіш құрылғы ретінде пайдалануыңызға да болады.

«Теру кезінде үлкейту» функциясын пайдалану үшін көрсеткіш құрылғы жалғауыңыз қажет.

Мәтіннің үстіне меңзерді апарғанда оның үлкейтілген нұсқасын көрсету

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Әмбебап қол жеткізу», «Үлкенірек» тармағын түртіңіз, одан кейін «Үлкенірек» реттеуін қосыңыз.

  3. Мәтіннің үлкейтілген нұсқасын көрсету үшін меңзерді оның үстіне апарыңыз. Не болмаса, Apple Pencil қаламының ұшын мәтіннің үстінде жүргізіңіз.

  4. Егер пернетақта жалғаған болсаңыз, «Үлкенірек» терезесін көрсету үшін Control пернесін басып тұруыңыз қажет.

Егер iPad құрылғысын жалғанған пернетақтамен қолдансаңыз, үнемі пернені басып тұра берудің орнына, мәтіннің үстіне меңзерді апарғанда «Үлкенірек» терезесі автоматты түрде экранға шығатын қылуға болады. «Реттеулер»  > «Әмбебап қол жеткізу» > «Үлкенірек» тармағына өтіңіз, одан кейін «Белсендіру құлпы» реттеуін қосыңыз. Белсендіру құлпын пайдалану үшін Control пернесін үш рет жылдам басыңыз.

«Үлкенірек» функциясы мен белсендіру құлпын белсендіру үшін басылатын пернені өзгертуге болады. «Белсендіру түрлендіргіші» опциясын түртіңіз, содан кейін басқа бір пернені таңдаңыз.

Сіз теріп жатқан мәтіннің үлкейтілген нұсқасын көрсету

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Әмбебап қол жеткізу», «Үлкенірек», «Теру кезінде үлкейту» тармағын түртіңіз, одан кейін «Теру кезінде үлкейту» реттеуін қосыңыз.

  3. Мәтін енгізу өрісінде терген кезде, сіз терген мәтіннің үлкейтілген нұсқасы көрсетіледі.

    «Теру кезінде үлкейту» терезесін уақытша жасырып қою үшін оны жанап өтіңіз. Сіз қайтадан тере бастаған кезде, ол қайта пайда болады.

«Үлкенірек» функциясын бейімдеу

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Әмбебап қол жеткізу» опциясын, одан кейін «Үлкенірек» опциясын түртіңіз.

  3. Мыналардың кез келгенін бейімдеңіз:

    • Көрсету режимі: «Үлкенірек» немесе «Теру кезінде үлкейту» терезесі қай жерде көрсетілетінін таңдаңыз: жолда (меңзердің жанында), экранның жоғарғы жағында немесе экрандағы пернетақтаның дәл үстінде.

    • Контент: «Мәтін», «Түс» немесе «Мәтін және түсі» көрсетілуін таңдаңыз.

    • Айналдыру жылдамдығы: Жылдамырақ немесе баяуырақ жылдамдықты таңдаңыз (мәтіннің үлкен блоктарын қарау кезінде «Үлкенірек» терезесінде жылжу үшін).

    • Қаріп: Өзгертпелі қаріпті таңдаңыз.

    • Өлшем: Қалаған оқу өлшеміңізді өзгерту үшін слайдерді реттеңіз.

    • Мәтін түсі: «Тор», «Спектр» немесе «Жүгірткілер» бойынша бір мәтін түсін таңдаңыз.

    • Фон түсі: «Тор», «Спектр» немесе «Жүгірткілер» бойынша бір фон түсін таңдаңыз.

    • Шекара түсі: «Тор», «Спектр» немесе «Жүгірткілер» бойынша бір шекара түсін таңдаңыз.

    • Белсендіру түрлендіргіші: «Control пернесі», «Option пернесі» немесе «Command пернесі» тармағын таңдаңыз.

    • Белсендіру құлпы: «Белсендіру құлпы» реттеуін қосыңыз.

«Теру кезінде үлкейту» функциясын бейімдеу

  1. iPad құрылғыңызда «Реттеулер» қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Әмбебап қол жеткізу», «Үлкенірек» тармағын түртіңіз, одан кейін «Теру кезінде үлкейту» опциясын түртіңіз.

  3. Мыналардың кез келгенін бейімдеңіз:

    • Көрсету режимі: «Үлкенірек» немесе «Теру кезінде үлкейту» терезесі қай жерде көрсетілетінін таңдаңыз: жолда (меңзердің жанында), экранның жоғарғы жағында немесе экрандағы пернетақтаның дәл үстінде.

    • Қаріп: Өзгертпелі қаріпті таңдаңыз.

    • Өлшем: Қалаған оқу өлшеміңізді өзгерту үшін слайдерді реттеңіз.

    • Мәтін түсі: «Тор», «Спектр» немесе «Жүгірткілер» бойынша бір мәтін түсін таңдаңыз.

    • Енгізу нүктесінің түсі: «Тор», «Спектр» немесе «Жүгірткілер» бойынша бір енгізу нүктесінің түсін таңдаңыз.

    • Фон түсі: «Тор», «Спектр» немесе «Жүгірткілер» бойынша бір фон түсін таңдаңыз.

    • Шекара түсі: «Тор», «Спектр» немесе «Жүгірткілер» бойынша бір шекара түсін таңдаңыз.

    • Қате жазылған сөздің түсі: «Тор», «Спектр» немесе «Жүгірткілер» бойынша қате жазылған сөздің түсін таңдаңыз.

    • Автоматты түрде түзетілген сөздің түсі: «Тор», «Спектр» немесе «Жүгірткілер» бойынша автоматты түрде түзетілген сөздердің түсін таңдаңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.