Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы «Хабарлар» қолданбасында iMessage қолданбаларын пайдалану

«Хабарлар» қолданбасынан шықпай-ақ, iMessage қолданбалары арқылы сауалнама жіберуге, ойын ойнауға, аудио хабарлар жазуға, әндерді бөлісуге және т.б. әрекеттер жасауға болады. Қолжетімді қолданбалар тізіміңізді икемдеуіңізге немесе App Store дүкенінен табылған iMessage қолданбаларын қосуыңызға болады.

«Хабарлар» сұхбатында «Қосу» түймесін түрткеннен кейін хабарға қосылатын мүмкіндіктер тізімі пайда болады.

iMessage қолданбаларын қайта реттеу

  1. iPad құрылғыңызда «Хабарлар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Сұхбатта Қосу түймесін түртіңіз.

  3. Тізімдегі кез келген қолданбаны ол аздап кішірейгенше басып тұрыңыз, одан кейін оны қалаған жеріңізге сүйреңіз.

    Қолданба белгішесін басқа бетке жылжыту үшін оны экранның жоғарғы немесе төменгі шетіне сүйреңіз. Жаңа бет пайда болуы үшін бір сәт күтуіңіз керек болуы мүмкін.

iMessage қолданбаларын қосу

«Хабарлар» қолданбасы фотолар, видеолар, аудио хабарлар, төлемдер, стикерлер және т.б. жіберу үшін пайдалануға болатын iMessage қолданбаларымен бірге келеді. Одан да көп опциялар үшін қосымша iMessage қолданбаларыңызды жүктеп алуыңызға болады.

  1. iPad құрылғыңызда «Хабарлар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Сұхбатта Қосу түймесін түртіңіз.

  3. iMessages үшін App Store қолданбасын ашу үшін «Дүкен» түймесін түртіңіз.

  4. Қосымша мәліметтерін және алдын ала қарау көріністерін көру үшін қолданбаны түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Қолданбаны сатып алу: Бағаны түртіңіз. Төлемдер Apple аккаунтыңызбен байланыстырылған әдісті пайдаланып жасалады.

    • Тегін қолданбаны жүктеп алу: «Алу» түймесін түртіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.