Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысында Image Playground функциясымен түпнұсқа суреттер жасау

Image Playground қолданбасында Apple Intelligence* функциясын бірнеше секунд ішінде суреттерді жасау үшін фотолар жинағыңыздағы ұғымдарды, мәтіндік сипаттамаларды және адамдарды біріктіру үшін пайдалануыңызға болады. Image Playground функциясын «Хабарлар», Freeform және т.б. қолданбаларда суреттер жасау үшін пайдалануыңызға да болады.

Ескертпе: Apple Intelligence барлық iPad үлгілерінде немесе барлық тілдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді.** Ең соңғы қолжетімді мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін iPadOS жүйесінің ең соңғы нұсқасын пайдаланып жатқаныңызды және Apple Intelligence функциясының қосылғанын тексеріңіз.

Суперқаһарман ретінде киінген адамның жасалған суретін көрсететін Image Playground қолданбасының терезесі.

Сурет жасау немесе өңдеу

  1. iPad құрылғыңызда Image Playground қолданбасына  өтіңіз.

  2. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Жаңа сурет жасау: «Жаңа сурет» түймесін түртіңіз.

    • Бар суретті өңдеу: Суретті түртіңіз, одан кейін Өңдеу түймесін түртіңіз.

  3. Суретке қосқыңыз келетін нәрсені қосыңыз. Түпнұсқа суреттер жасау үшін жеті элементке дейін біріктіруіңізге болады.

    • Ұғымдар: Ұғымдарды — тақырыптарды, өрнектерді, костюмдерді, аксессуарларды немесе орындарды шолу үшін солға сырғытыңыз, содан кейін опцияны түртіңіз.

    • Сипаттама: «Суретті сипаттау» өрісін түртіңіз, сипаттаманы енгізіңіз, одан кейін Жіберу түймесін түртіңіз.

    • Адам: «Адам» түймесін түртіңіз, одан кейін фото жинағыңыздан адамды таңдаңыз, одан кейін бастау нүктесін таңдаңыз.

      «Фотолар» қолданбасынан адам қосу үшін «Фотолар» қолданбасында оларға ат беруіңіз керек. Адамды қосып қойған болсаңыз және олардың қалай көрінетінін таңдағыңыз келсе, Пайдаланушыны таңдау түймесін түртіңіз, «Өңдеу» түймесін түртіңіз, жаңа бастау нүктесін таңдаңыз, одан кейін Дайын түймесін басыңыз. Адамның көрінісін теңшеу бөлімін қараңыз.

      Пайдаланатын суреттен басқа сипаттаманы ұсынсаңыз, мысалы, «Фотолар» қолданбасындағы атау сипаттамадағы атауға сәйкес келмесе, сурет мәтіндік сипаттама емес, сіз таңдаған фото негізінде жекелендіріледі.

      Кеңес: Сондай-ақ медиатекаңыздан фотоны пайдаланбай адамның суретін жасауыңызға болады. «Адам» түймесін түртіңіз, «Көрінісі» түймесін түртіңіз, тері реңкін және көріністі таңдаңыз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

    • Үй жануары, табиғат немесе тағам сияқты бірнәрсенің фотосы: Фото браузері түймесін түртіңіз, одан кейін опцияны таңдаңыз.

  4. «Стиль» түймесін түртіп, стильді таңдаңыз.

    • Apple Intelligence стильдері: «Анимация», «Иллюстрация» немесе «Суреттеме» опциясын таңдаңыз немесе Genmoji жасаңыз. Genmoji жасаған кезде, олар стикеріңізбен сақталады.

    • ChatGPT стильдері:*** «ChatGPT» түймесін түртіңіз, одан кейін стильді таңдаңыз немесе қажетті нәрсеңізді сипаттау үшін «Кез келген стиль» опциясын таңдаңыз. Мысалы, нәрестенің туылу кешіне шақыру үшін «a realistic image of a stork» (шынайы ләйлек суреті) сөзін енгізуіңізге болады.

    Ескертпе: Сурет мәнерін өзгерту алдын ала қараудың жаңа жинағын жасайды.

  5. Келесі әрекеттердің кез келгенін орындау арқылы суретіңізді нақтылау:

    • Нұсқаларды көру: Алдын ала көрініс көпіршігін түртіңіз, одан кейін солға немесе оңға сырғытыңыз.

    • Ұғымды жою: Жою түймесін түртіңіз.

  6. Суретіңіз көңіліңіздегідей болғанда, оны галлереяңызға сақтау үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Сақтау» түймесін түртіңіз. Genmoji жасасаңыз, оны стикерлеріңізге қосу үшін «Эмодзи қосу» түймесін түртіңіз.

    Бұрын сақталған суретті өңдеп жатсаңыз, «Дайын» түймесін түртіңіз — сізден оны жаңартқыңыз келе ме, әлде жаңа сурет ретінде сақтағыңыз келе ме деп сұралады.

Галлереяңыздағы суретті көру үшін Шығу түймесін түртіңіз.

Image Playground қолданбасын пайдалануға қоса Image Playground функцияларын Freeform және «Хабарлар» сияқты түпнұсқа суреттер жасау үшін пайдалануыңызға да болады. «Хабарлар» қолданбасында түпнұсқа суреттерді жасау және жіберу және Freeform қолданбасында түпнұсқа суреттер жасау бөлімдерін қараңыз.

Адамның көрінісін теңшеу

Фото жинағыңыздағы адамға негізделген сурет жасағанда, бастапқы нүкте ретінде басқа фотоны таңдау немесе шаш үлгісі, сақал-мұрт және көзілдірік сияқты жеке атрибуттарды өзгерту арқылы олардың сыртқы түрін өзгертуіңізге болады.

  1. iPad құрылғыңызда Image Playground қолданбасына  өтіңіз.

  2. «Жаңа сурет» түймесін түртіңіз немесе суретті түртіңіз, одан кейін Өңдеу түймесін түртіңіз.

  3. Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Басқа фотоны таңдау: «Басқа фотоны таңдау» түймесін түртіңіз одан кейін фотоны таңдау үшін оны түртіңіз.

    • Шаш үлгісі, сақал-мұрт немесе көзілдірік опциясын таңдаңыз: «Көріністі бейімдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін қалқымалы мәзірлерден опцияларды таңдаңыз.

      Кеңес: Егер бастапқы нүкте әлі де дұрыс болмаса, «Қосымша мәліметтер» өрісіне сипаттаманы енгізіп көріңіз. Мысалы, рецепт бойынша көзілдірік қоссаңыз, бірақ олардың түсі дұрыс емес болса, «blue glasses» немесе «make the glasses yellow» деп енгізуіңізге болады.

    • Бастапқы бастау нүктесіне қайтару: «Көріністі бастапқы күйге қайтару» түймесін түртіңіз.

  4. Бастау нүктесі ойыңыздағыдай болғанда Дайын түймесін түртіңіз.

Суретті көшіру, бөлісу немесе сақтау

  1. iPad құрылғыңызда Image Playground қолданбасына  өтіңіз.

  2. Бір суретті басып тұрыңыз, одан кейін мына әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Суретіңізді көшіру немесе көшірмелеу: «Көшіру» түймесін немесе «Көшірме жасау» түймесін түртіңіз.

    • Суретіңізге тақырып қосу: «Жазба қосу» түймесін түртіңіз, сурет сипаттамасын енгізіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.

    • Суретіңізді бөлісу: Бөлісу түймесін түртіңіз, одан кейін бөлісу опциясын таңдаңыз.

    • Суртіңізді фото жинағыңызға сақтау: Бөлісу түймесін, одан кейін «Кескінді сақтау» түймесін түртіңіз.

Суретті жою

Ескертпе: Image Playground қолданбасынан суретті жойсаңыз, ол бірдей Apple аккаунтына кірген барлық құрылғыларыңызда жойылады.

  1. iPad құрылғыңызда Image Playground қолданбасына  өтіңіз.

  2. Галлереяда суретті түртіңіз, одан кейін Жою түймесін түртіңіз.

«Хабарлар» қолданбасында түпнұсқа суреттерді жасау және жіберу

Суреттерді Image Playground функциясымен тікелей «Хабарлар» қолданбасында жасай аласыз.

  1. iPad құрылғыңызда «Хабарлар» қолданбасына өтіңіз.

  2. Жаңа хабар бастаңыз немесе бір сұхбатты ашыңыз.

  3. Қолданбалар түймесін, одан кейін «Image Playground» түймесін түртіңіз.

  4. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Бұрын жасалған суретті таңдаңыз: Жоғарғы жақтағы «Галерея» түймесін түртіңіз, суретіңізді таңдаңыз, одан кейін Дайын түймесін түртіңіз.

    • Жаңа сурет жасау: Жоғарғы жақтағы «Жасау» түймесін түртіңіз, сурет жасау үшін нұсқауларды орындаңыз, одан кейін Дайын түймесін түртіңіз.

  5. Суретіңізді жіберуге дайын болған кезде, Жіберу түймесін түртіңіз.

Freeform қолданбасында түпнұсқа суреттер жасау

Суреттерді Image Playground функциясымен тікелей Freeform қолданбасындда жасай аласыз.

  1. iPad құрылғыңызда «Freeform» қолданбасына өтіңіз.

  2. Тақтаны ашыңыз немесе жаңа біреуін бастау үшін Жаңа тақта түймесін түртіңіз.

  3. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Жаңа сурет жасау: Құралдар тақтасында Медиафайлды енгізу түймесін түртіңіз, «Image Playground» түймесін түртіңіз, одан кейін сурет жасау үшін нұсқауларды орындаңыз.

    • Тақтаңыздан элементтердді пайдалану: Пайдаланғыңыз келетін суреттердің, сызбалардың, мәтін ұяшықтарының, жапсырмалардың немесе пішіндердің алты анасына дейін таңдаңыз, оларды түртіңіз, одан кейін «Интерактивті ортаға қосу» түймесін түртіңіз.

    • Бар суретті Image Playground қолданбасында жасалған суретпен ауыстыру: Суретті қосыңыз, суретті таңдаңыз, Кескінді өзгерту түймесін түртіңіз, «Ауыстыру» түймесін түртіңіз, «Image Playground» түймесін түртіңіз, одан кейін сурет жаса үшін нұсқауларды орындаңыз.

  4. Тақтаңызға сурет қосу үшін Дайын түймесін түртіңіз.

Image Playground функциясын Keynote, Pages, «Apple шақырулары» сияқты басқа қолданбаларда және қолдау көрсетілетін үшінші тарап қолданбаларында пайдалануыңызға да болады.

«Экран уақыты» реттеулеріндегі «Image Playground» сияқты кескін жасау функцияларына қол жеткізу мүмкіндігін бұғаттауыңызға болады. Кескін жасау функцияларына қол жеткізуді блоктау бөлімін қараңыз.

*Apple Intelligence генеративті модельдерді пайдаланады, сондықтан нәтижелер әртүрлі болуы мүмкін. Дәлдік үшін маңызды ақпаратты тексеріңіз.
**Apple Intelligence бета нұсқада келесі тілдерді қолдаумен қолжетімді: Ағылшын, дат, голланд, француз, неміс, итальян, норвег, португал, испан, швед, түрік, қытай (жеңілдетілген), қытай (дәстүрлі), жапон, корей және вьетнам. Кейбір мүмкіндіктер барлық тілдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Тіл мен мүмкіндік қолжетімділігі және жүйе талаптары туралы қосымша ақпарат алу үшін Apple Intelligence функциясын алу жолы атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
***ChatGPT кеңейтімін пайдаланған кезде ChatGPT қызметіне қандай контент жіберу керектігін таңдайсыз. Сұрауыңыз бен тіркемелеріңіз, сондай-ақ ағымдағы уақыт белдеуі, ел, құрылғы түрі, тіл және сұрау жасау кезінде пайдаланылатын мүмкіндік сияқты сұрауға қатысты шектеулі деректер сұрауыңызға жауап беру және дәл және сәйкес нәтижелерді қамтамасыз ету үшін ChatGPT мүмкіндігін қосу үшін ChatGPT қызметіне жіберіледі.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.