Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы «Локатор» қолданбасында досты қосу немесе жою

«Локатор» қолданбасында геолокацияңызды доспен бөліскеннен кейін олардың геолокациясын картадан көруді сұрауыңызға болады.

Достың геолокациясын көруді сұрау

  1. iPad құрылғыңызда «Локатор» қолданбасына өтіңіз.

  2. Экранның төменгі сол жағындағы «Адамдар» түймесін түртіңіз, одан кейін орнын көргіңіз келетін адамның атын түртіңіз.

    Адамды тізімде көрмесеңіз, олармен геолокацияңызды бөліскеніңізді тексеріңіз.

  3. «Геолокацияны бақылауды сұрау» түймесін түртіңіз.

Досыңыз сұрауыңызды алып, қабылдағаннан кейін олардың геолокациясын көре аласыз. Геолокацияны бөлісу сұрауына жауап беру бөлімін қараңыз.

Ескертпе: Досыңыздың атын «Адамдар» тізімінде көрсеңіз, бірақ оның геолокациясын картадан көре алмасаңыз, одан өзінің геолокациясын бөлісіп жатқанын және «Геолокация сервистері» реттеуінің «Реттеулер»  > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Геолокация сервистері» > «Локатор» тармағында қосулы екенін тексеруді өтініңіз.

Досты жою

Досты жойған кезіңізде ол адам «Адамдар» тізіміңізден жойылады және сіз олардың тізімінен жойыласыз.

  1. iPad құрылғыңызда «Локатор» қолданбасына өтіңіз.

  2. Экранның төменгі сол жағындағы «Адамдар» түймесін түртіңіз, одан кейін жойғыңыз келетін адамның атын түртіңіз.

  3. «Жою» [аты] түймесін, одан кейін «Алып тастау» түймесін түртіңіз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.