Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPad құрылғысындағы «Пошта» қолданбасында «Эл. поштамды жасыру» параметрін пайдалану

iCloud+ қызметіне жазылған кезіңізде, «Эл. поштамды жасыру» функциясы шын электрондық пошта мекенжайыңызды құпия сақтау үшін шын электрондық пошта аккаунтыңызға қайта жіберілетін электрондық пошта хабарларын жіберуіңізге және алуыңызға мүмкіндік береді. «Пошта» қолданбасында талап бойынша бірегей электрондық пошта мекенжайларын жасауыңызға да болады.

«Эл. поштамды жасыру» функциясымен электрондық пошта хабарын жіберу

  1. iPad құрылғыңызда «Пошта» қолданбасына өтіңіз.

  2. Жазу түймесін түртіңіз.

  3. Хабарыңызға алушы және тақырып қосыңыз.

    Ескертпе: Хабарды «Эл. поштамды жасыру» мекенжайын пайдаланып бір уақытта тек бір алушыға жібере аласыз.

  4. «Кімнен» өрісін түртіңіз, оны қайтадан түртіңіз, одан кейін «Эл. поштамды жасыру» түймесін түртіңіз. Жаңа, бірегей электрондық пошта мекенжайы «Жіберуші» өрісінде пайда болады.

Кеңес: Алушы «Эл. поштамды жасыру» мекенжайымен жіберген хабарға жауап бергенде, олардың жауабы сіздің шын электрондық пошта мекенжайыңызға қайта жіберіледі. «Қайта адрестеу» мекенжайын орнату үшін «Эл. поштамды жасыру» мекенжайын «Реттеулер» қолданбасында жасау және басқару бөлімін қараңыз.

Электрондық пошта хабарына «Эл. поштамды жасыру» мекенжайыңызды пайдаланып жауап беру

Бірегей, кездейсоқ мекенжайларыңыздың біреуіне жіберілген электрондық пошта хабарын алған кезіңізде сол мекенжайды пайдаланып жауап беруіңізге болады. Бұл сұхбатты жалғастыруыңызға және шын электрондық поштаңызды құпия сақтауыңызға мүмкіндік береді. Жауап беру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. iPad құрылғыңызда «Пошта» қолданбасына өтіңіз.

  2. Хабарды түртіңіз, одан кейін хабардың жоғарғы жағындағы Жауап беру түймесін түртіңіз.

  3. Жауабыңызды теріңіз.

    Алушы көретін электрондық пошта мекенжайын қарау үшін «Жіберуші» өрісін түртуіңізге болады.

«Эл. поштамды жасыру» арқылы жасалған мекенжайларды басқару

«Эл. поштамды жасыру» арқылы мекенжайлар жасауыңызға, ол арқылы жасаған кездейсоқ мекенжайларыңызды ажыратуыңызға, қайта белсендіруіңізге және басқаруыңызға болады. «Эл. поштамды жасыру» мекенжайларын «Реттеулер» қолданбасында жасау және басқару бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.