Өнімдер, қызметтер және ОЖ функциялары
елде қолжетімді болмауы мүмкін.
Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады

iPhone құрылғысында музыканы қағыстар, текстуралар және т.б. түрінде ойнату

«Музыкалық жанасу сигналдары» функциясы арқылы iPhone құрылғысында музыканы әннің дыбысымен сихнрондалған қағыстар, текстуралар және майда дірілдер түрінде сезінуіңізге болады.

Ескертпе: iPhone құрылғыңыз Wi-Fi немесе ұялы байланыс желісіне қосылып тұрған кезде, «Музыкалық жанасу сигналдары» функциясын қолдау көрсетілетін iPhone үлгілерімен Apple Music, Music Classical, Shazam және үйлесімді үшінші тарап қолданбаларындағы миллиондаған әндерді тыңдау үшін пайдалануға болады.

  1. «Реттеулер»  > «Әмбебап қол жеткізу» > «Музыкалық жанасу сигналдары» тармағына өтіңіз.

  2. «Музыкалық жанасу сигналдары» параметрін қосыңыз.

    Ән ойнаған кезде «Музыкалық жанасу сигналдары» опциясын бастау немесе тоқтату үшін басқару орталығын ашып, аудио картасын, одан кейін Музыкалық жанасу сигналдары белгішесін түртіңіз. Егер Музыкалық жанасу сигналдарын пайдалану мүмкін емес белгішесін көрсеңіз, әнде «Музыкалық жанасу сигналдары» функциясын пайдалану мүмкін емес.

  3. Жанасу сигналдарын бейімдеу үшін мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

    • Бейімдеу: Жанасу сигналдарын әннің ырғағына, тактісіне және энергиясына сәйкестендіріп ойнату үшін «Толық микс» опциясын таңдаңыз. Тек вокалдардың немесе вокаға ұқсас әуендердің жанасу сигналдарын ойнату үшін «Тек вокал» опциясын таңдаңыз.

    • Қарқындылық: «Жеңіл», «Орташа» және «Жоғары» тактильді кері байланысын таңдаңыз.

Кеңес: Сондай-ақ «Музыкалық жанасу сигналдары» функциясын түймені басу арқылы немесе басқа жылдам пәрменнің көмегімен басқаруға болады. Әмбебап қол жеткізу функцияларын жылдам қосу немесе өшіру бөлімін қараңыз.

Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.
Morty Proxy This is a proxified and sanitized view of the page, visit original site.